«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САҚТАНБАСАҢ, САЗАЙЫҢДЫ ТАРТАСЫҢ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері облыста 422 өрт болып, одан 200 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 32 адам қайғылы қазаға ұшырады, оның бесеуі – бала. Жиырма төрт адам түрлі деңгейде дене жарақатын алды.

Мамлют ауданының орталығында орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шықты. Тергеушілердің айтуынша, мас болған баспана иесі 50 литрлік газ баллонының жарамдылығын шырпы жағып тексермекші болған кезде газ-ауа қоспасы тұтанған. Ас-үйде шыққан өрт бөлменің қабырғалары мен шатырын зақымдады. Оқиға орнынан аудандық орталық ауруханаға жеткізілген ер адамға І-ІІ деңгейлі күйік алды деген диагноз қойылды.  

Жамбыл ауданындағы Благовещенка ауылындағы ата-әжесіне қонаққа келген 14 жасар бала тілсіз жаудың тұтқынында қала жаздады. Таңертең ерте оянған бала үйде өзінен басқа ешкімнің болмағанын байқаған. Ол үйден сыртқа шыққанда баспананың шатыры мен қасбетінің жанып жатқанын көрген. Абырой болғанда, ешкім жапа шеккен жоқ. Оқиға орнына жеткен жергілікті құтқарушылар электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан өртті ауыздықтады.

Қызылжар ауданының Якорь ауылында бір үй иелері болмаған уақытта отқа оранған. Сымдардың қысқа тұйықталуынан шыққан өрт баспанаға біраз зақым келтірді.  

Дәл осындай өрт оқиғасы М.Жұмабаев ауданының Булаево қаласында да тіркелді. Соның салдарынан қора ішіндегі отын мен үй жануарлары бірге өртеніп кетті.

Мотор бөлігіндегі электр сымдардың қысқа тұйықталуынан облыста қос бірдей автокөлік отқа оранды. Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылында “Volkswagen-Passat” автокөлігін от шарпыса, Петропавл қаласындағы Жабаев көшесі бойында “ВАЗ-330232-288” автокөлігі жанып кетті.

Облыс орталығының “Россиянка” саяжай қауымдастығында найзағайдың кінәсінен екі саяжай отқа оранып, шатыр, терезе мен есіктері зақымданды.

Петропавл қаласының Труд қысқа көшесіндегі “Сұлтан-ЭММК” АҚ-ның №17 қоймасын қызыл жалын жалмады. Жалпы 40 шаршы метр аумақты шарпыған өрт шатырға зақым келтірген. Белгілі болғандай, қойма шатырын жөндеу барысында ашық отты қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесі өрескел бұзылған.

Таяуда Петропавл қаласының Астана көшесіндегі базарда орналасқан сауда нүктесінен от шыққан болатын. Енді бұл оқиға тағы да қайталанып, аталмыш базардың тағы бір сауда нүктесі отқа оранды. Қалалық өртсөндірушілер 15 минуттың ішінде өртті сөндірді. Өрттің шығуына сымдардың қысқа тұйықталуы себеп болған. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp