«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұйықтай бергім келеді сен кеткелі,
(Ұйқым бұрын болатын сергек, тегі).
Сәл дыбыстан оянып кетсем болды,
Шақырғандай боласың “кел” деп мені.

Тек түсімде көремін сені, балам,
Жер астынан жеткендей демің маған.
Іңгәлаумен өмірден кеттің өтіп,
Соны ойлаумен қайғым – у, көңіл – алаң…


“Ұйқы – жау” деп мен талай естіп едім,
(Тірі болсаң, өзің де естір едің).
Енді сені бір көріп қалу үшін,
Мызғып кету керек қой деп білемін.

Артық ұйқы, әрине, жолдас емес,
Өмірдің өз заңы бар, болмашы емес.
Тауқыметі тірліктің таусылмайды,
Болмысыңнан соңғы рет қалғанша елес.

Бұл өмірдің, құлыным, заңы басқа,
Нәсібі бар бұйырған кәрі-жасқа.
Күйбеңі көп тірліктің өмір бойы,
Шаруасы құрғыры таусылмас та.

Бауыр етім, өмірден ерте кеткен.
Өмір сүрдің жарты ақ жыл –
келте неткен?!
Сені аза тұтамыз, сәбиім-ау,
Үйдің, күйдің – бәрінің көркі кеткен…

Сағынғанда мұң басып, жүрек жылап,
Мәңгі ұйықтап кетсем ғой келе құлап…
Әлібегім әлі жас, енді оны
Қалай тастап кетемін, балам, бірақ.

Бәрінен де, құлыным, үміт күшті,
Сағынсаң да, амал не, шыдай тұршы.
Мына өмірдің күйбеңі бітпей жатыр,
Тындырып-ақ кетейін барлық істі,
Тек түсіме сағынтпай кіріп жүрші.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp