“Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы инспекция” ММ және “Атамекен” Одағы” Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы Солтүстік Қазақстан филиалы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
Меморандумның мақсаты – шағын және орта бизнесті одан әрі өрістету, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік әріптестікті жетілдіру, бизнестің және тұтынушылардың әлеуметтік жауапкершілігін дамыту, бәсекелестікке қабілеттігін қамтамасыз ету үшін өзара қарым-қатынас жасау.
Бизнестің және қоғамның маңызды рөлін ескере отырып, меморандумға сәйкес, тараптар экономиканың түрлі саласында тұтынушыларға және кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсету бойынша бірлескен іс-шараларға қатысу, сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының бизнес құрылымдарында қалыптасқан экономикалық жағдайға орай келіп түскен өтініштер мен ұсыныстар негізінде жүргізілген жұмыстар нәтижесі бойынша тиісті органдарға заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
“Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
Монополияға қарсы инспекция” ММ.