Кеше бесінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХVІІ сессиясы болып, онда “Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы” атағын беру мәселесі қаралды.
Облыс әкімі аппаратының басшысы Владимир Дудов өңір басшысы Самат Ескендіровтің даңқты жерлестеріміз, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктері Зейнолла Молдахметов пен Еренғайып Шайхутдиновке және белгілі журналист, жазушы Ожан Қалиға “Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы” құрметті атағын беру туралы ұсынысын депутаттардың қарауына енгізді. Халық қалаулылары облыс әкімінің ұсынысына қолдау білдіріп, тиісті шешімді бірауыздан қабылдады.
(Өз тілшімізден).