«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРКЕ ЕСІЛ ЕШКІМДІ ЕРКЕЛЕТПЕЙДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері 27 солтүстікқазақстандық су құрбаны болды. Оның бесеуі – балалар. Облыстық ТЖД-нің сүңгуірші құтқарушылары 94 адамды құтқарса, оның 32-сі – жеткіншектер.

30 шілде күні екі солтүстікқазақстандық су құрбаны болды. Аққайың ауданының Смирново ауылының маңындағы қазаншұңқырда 23 жасар жігіт су түбіне кетсе, Петропавл қаласының Новопавловка ықшам- ауданында Есіл жағалауында шомылып жүрген 15 жасар қыз бала ажал құшты.

4 тамыз күні Пестрое көлінде кезекшілікте жүрген №2 су-құтқару қызметінің мамандары су бетіне қалқып шыққан 25-30 жастағы азаматтың мүрдесін тапты.

Ал Қызылжар ауданының Прибрежное елді мекенінің жанындағы Черное көлінде төтенше жағдай орын алды. Түнделетіп жол жүріп келе жатқан жүргізуші “Мерседес-Бенц-230” автокөлігіне ие бола алмай, көлге кіріп кеткен. Абырой болғанда, көлік иесі мен жолаушы “темір тұлпардан” шығып үлгерген. Ал келесі күні суда құтқару қызметінің және №2 арнайы өрт сөндіру бөлімінің мамандары қажетті техниканы жұмылдырып, көлікті жағаға алып шықты.

Өткен аптада жергілікті құтқарушылардың күшімен 18 облыс тұрғыны ажал аузынан құтқарылса, оның 8-і – бала. Тіркелген төтенше жағдайлардың көбі Есіл өзенінде орын алды.

Сондай-ақ сүңгуірші құтқарушылар Есілде су матрасы аударылып кетіп, жандары көздеріне көрінген 16 және 18 жастағы екі қызды жағаға алып шыққан.

Былғары зауыты ауданында ата-ана бақылауынсыз суға түскен 6 жасар бала су түбіне кете жаздады. Ал мас күйде суға түсіп, Есілдің тұңғиығы тартып әкете жаздаған 28 жастағы петропавлдыққа көмекке келіп, өлім аузынан арашалаған да жергілікті құтқарушылар.

Құтқарушы мамандар терең және ағысы қатты жерлерде суға түспеуді, кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды тағы бір мәрте ескертеді.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

СУРЕТТЕ: Черное көлінде батқан “Мерседес-Бенц-230” автокөлігі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp