«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗЕЙНЕТКЕРДІ ӨЛТІРІП, БАР ТАПҚАН “ПАЙДАСЫ” – 1 МЫҢ ТЕҢГЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық Ішкі істер бөліміне 72 жастағы Целинное ауылы тұрғынының өлімі жайында жәбірленушіні соңғы көрген әлеуметтік қызметкер хабарлаған екен.

Бейсенбі мен жұма күндері зейнеткердің хал-жағдайын сұрамақ болған қызметкер хабарласа алмағандықтан, егде әйелдің үйіне барып қайтпақшы болған. Үйге келіп жеткен бетте есік сыртындағы құлыпты көрген әйел алғашында зейнеткер үйінде жоқ деп ойлапты. Алайда, сынған терезе әйелдің күдігін тудырып, ол оқиға орнына тәртіп сақшыларын шақыртқан.

Оқиға орнына бірден аудандық Ішкі істер бөлімінің жедел тергеу тобы жіберіліп, үйден зейнеткердің мәйіті табылды. Мәйіттің бас жарақатымен еденде жатқаны, үйдегі заттардың шашылғандығы қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген тұлғаларды іздестіруге себеп болды. Полиция қызметкерлері ертеректе сотталғандардан жауап алу жұмыстарын бастап кетті.

Сақшылар назарына 2010 жылы бостандықты шектеу орындарынан босап шыққан Целинное ауылының 30 жастағы тұрғыны іліккен. Алайда, ол тәртіп сақшыларына өзінің бұл қылмысқа қатысы жоғын айтып, ақталумен болды. Күдіктінің қарым-қатынас құрған ортасынан сұрастыру жұмыстары барысында ертеректе істі болған тұлғамен ішімдік ішіп жүрген аталмыш ауылдың 22 жастағы тұрғыны олардың қылмысқа қатысы барын бірден айтып берді. Оның айтуы бойынша, ақша табу мақсатында олар түн ортасында зейнеткердің есігін қаққан. Алайда, есікті ешкім ашпаған соң, сымның көмегімен есікті ашып, үйге кірген. Теледидар алдында отырған әйелдің басынан ұрып өлтіріп, мәйітті жатын бөлмеге жасырған. Кейін үйді тінтуге кіріскен. Қылмыскерлер үйден бар-жоғы мың теңгені ғана қолды еткен екен.

Аталған факті бойынша іс қозғалып, күдіктінің екеуі де уақытша оқшаулау абақтысына қамауға алынды.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp