Адамға бақытты болу үшін не қажет? Бұл сауалға мына суреттегі мейірбике Надежда Макарова: “Бар бақытым – сүйікті қызметім” деп жауап берді.
Қызметіне адалдығы оның өмірінің 36 жылымен өлшенеді. Ол осынша уақыт бойы тапжылмастан, бір орында қызмет етіп келеді. Адамдарға дертінен жазылуына көмектесу басты мақсаты.
Надежда Ивановна №1 қалалық аурухананың білікті мейірбикесі. Петропавл медициналық колледжін мейірбике ісі бойынша аяқтаған ол алғашында Мамлют ауданының орталық ауруханасында қызмет еткен екен. Араға бірер жыл салып, қалалық ауруханаға ауысады. Білікті мейірбике жас мамандарға бар тәжірибесімен бөлісуге әрқашан дайын. Науқастар арасында “Мейірбан мейірбике” деген атпен таныс Надежда – дертіне шипа іздеп келгендерге үміт сыйлайтын атына заты сай медбике.
(Өз тілшімізден).
Суретті түсірген
Амангелді БЕКМҰРАТОВ.