«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРА ЖЕЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Саумалап шалқып жатқан дала шегін,
Демімен желпіп өтіп қара жерін,
Шаңын да қағып тұрған өзі емес пе
Сүйектен өткен суық қара желің?

Көркімен келтіретін тыныс-демін,
Електеп екшелейтін артық-кемін.
Өлшемді бір құрамы табиғаттың
Ауасын жеткізетін самал желің.


Үйірсе қара нөсер шылқып шекең,
Көрінер дүлей күштей сыры бөтен.
Өтетін бәрін желпіп сол қара жел
Тепе-теңдік үшін де керек екен.

Уақыттың таңдамайтын дара кезін.
Ырқына шала алмайтын шама-төзім.
“Боранда құтыратын бала” екен ғой,
Табиғи пәк көңілді таза сезім.

Қалыпқа салып төзім жан шыдамы,
Тізгін ғып жыр-көңілдің қыл бұрауын.
Үдете соққан осы жел өтіне
Желкен ғып ақ сезімді мен тұрамын.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp