«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЙРЕНГЕН ӘДЕТТІҢ ҚАЛУЫ ҚИЫН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданының полицейлері облыстық ІІД мамандарымен бірлесіп, такси жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен Петропавл қаласы мен Прибрежное ауылының тұрғындарын қамауға алды. 

Түнгі сағат үш шамасында полицейлерге Жамбыл ауданының такси жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасалғандығы туралы хабар түсті. Белгілі болғанындай, 22 жастағы жапашегуші жұмыс бабымен облыс орталығына келген. Шаруасын тындырған соң, енді кейін қайтайын дегенінде Мир көшесінің бойында екі жігіт тоқтатып, Қызылжар ауданының Вишневка ауылына жеткізуді сұраған. Адамдарды тасымалдап, қаражат табуды кәсіп еткен ауылдық жігіт келіскен жерге жеткен кезде жолаушылар оның кеңірдегіне пышақ тақаған. Күш көрсетіп, жәбірленушінің 2 ұялы телефоны мен қалтасындағы бар ақшасын тартып алған.  

Осылайша арам пиғылдарын жүзеге асырған екі жігіт “темір тұлпар” иесін көліктің жүк бөлігіне қамаған соң, Петропавл қаласына қарай бет алған. Қарақшылар “ащы суды” көп жұтып қойғаннан болар, көліктің руліне ие бола алмай, жолдың жиегіне шығып кеткен. Жапашегуші болса, көліктен сытылып шығып, бас сауғалап қаша жөнелген. Ақыры болған жайды полицейлерге хабарлаған.

“Облыстық ІІД мен Қызылжар аудандық ІІБ қызметкерлерінің жұмылдырылуымен 1987 және 1991 жылдары туған сезіктілер ұсталды. Бұрындары күдіктілер дәл осындай қылмыс жасағаны үшін істі болған. Қазір ұсталғандарға ҚР ҚК 179-шы бабына сәйкес қарақшылық шабуыл жасады деген айып тағылып отыр”, – дейді Қызылжар аудандық ІІБ тергеушісі, полиция майоры Ольга Кинчалова.

Сыбайластар кінәларын толықтай мойындады. Қос сезікті де уақытша тергеу абақтысында қамауда отыр. Аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp