«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАРАФОНШЫЛАРЫМЫЗ ЕЛОРДАДА ЕРЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Астана қаласының Орталық саябағында тәуліктік марафон бойынша ел біріншілігі өтті. Елімізде алғашқы рет ұйымдастырылған спорттық шараға әр өңірден жиналған 40-тан астам желаяқ қатысты.
Елорданың Орталық саябағында белгілі бір қашықтыққа емес, сағаттап сынға түскен әуесқойлар мен ардагерлер 6 және 12 сағаттық қашықтыққа жүгірсе, кәсіби спортшылар 24 сағатқа дейін созылатын бәсекенің көркін қыздырды.

Аталмыш жарыста өңір намысын “Надежда” әуесқойлар клубының мүшелері – Әскер Қожанов, Ильдар Халлилулин мен Алексей Давыдов қорғаған болатын.

Сайыс қорытындысында 6 сағаттық қашықтыққа жүгіргендер арасында Алексей Давыдов (63750 метр) үшінші орынға табан тіресе, 12 сағаттық қашықтыққа жүгіргендер арасында Ильдар Халлилулин (107100 метр) топ жарып, үздік деп танылды. Ал доданың ең ұзақ уақыты – 24 сағатқа жүгіргендер (182700 метр) ішінде Әскер Қожанов марафон жеңімпазы атанды.

Тәуліктік марафон барысында жеңімпаз атанғандар медальдармен, грамоталармен марапатталды.  

Салтанатты марапаттау рәсімінде жеңімпаздарды адамзат тарихында алғаш рет Сахара шөлін солтүстіктен оңтүстікке қарай жүгіріп өтіп, Гиннестің Рекордтар кітабынан лайықты орнын алған, 7 рет рекорд орнатқан Марат Жыланбаев марапаттап, құттықтады.

Тәуліктік марафондар қазір әлемнің көптеген елдерінде ұйымдастырылады. Соның ішіндегі ең ірісі – АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткізілетін 50 шақырымдық марафон. Астанада алғаш рет қолға алынған шара дәстүрлі жарысқа айналдырылмақ.

(Өз тілшімізден.)

СУРЕТТЕ: марафон жеңімпазы Әскер Қожанов.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp