«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“НҰР ОТАН” ХДП СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кеше “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Самат Ескендіров “Нұр Отан” ХДП Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған Артур Молдағұловты нұротандықтар ұжымымен таныстырды. 

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

“Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің 2013 жылғы 1 тамыздағы бұйрығымен Артур Молдағұлов “Нұр Отан” ХДП Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.  

Артур Кенжеәкімұлы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылығы институтын, Орталық-Азиялық университетті агроном, экономист мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын бұрынғы Торғай облысы Арқалық ауданында есепші-агроном болып бастаған. Ол әр жылдары коммерциялық құрылымдарда, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында қызмет атқарып, шаруа қожалықтарын басқарған. 2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметте: Көкшетау қаласы әкімінің көмекшісі, Ақмола облысы Егіндікөл ауданы және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдерінің орынбасары болып қызмет атқарған. 2007 жылдан бастап 2011 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы, 2011-2012 жылдары Петропавл қаласы әкімінің орынбасары, 2012 жылдан осы уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы Статистика департаменті басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

– Артур Кенжеәкімұлы еңбек жолында да, облысымыздың қоғамдық өмірінде де өңірімізбен етене танысқан, сондықтан мен оның кандидатурасы “Нұр Отан” ХДП Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болуға лайық деп ойлаймын. Сіздерге осы лауазымға тағайындалған Артур Молдағұловты таныстыра отырып, партиямыздың Көшбасшысы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойып отырған міндеттерін жүзеге асыруда ол жас басшы ретінде іскерлік танытады деген сенім білдіремін, – деді Самат Сапарбекұлы.  

Артур Молдағұлов: “Маған зор сенім артып, осындай жауапты іс жүктеп отырғаныңызға ризашылығымды білдіремін. Алдағы уақытта бар білімім мен еңбек жолында жинақтаған тәжірибемді өз қызметімде сарқа пайдаланатыныма сендіремін”, – деді.

Одан әрі Самат Ескендіров жаңа басшыны ұжымның құрамымен таныстырды.

Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp