«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР УӘДЕ ЕТКЕН ЖЕҢІС команданы бесінші орынға шығарды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстанның Бірінші лига ойындарының 20-шы туры өтті. Қызылжарлықтар бұл жолы өз алаңында қарағандылық “Гефест” командасын қабылдады. Жерлес құраманың ойынын 2000 жанкүйерімен бірге облыс әкімі Самат Ескендіров те тамашалады.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әзірге турнир кестесінің 10-шы сатысында келе жатқан қарағандылықтар ойын барысында жергілікті аяқдоп шеберлеріне онша қауқар көрсете алмады. Ойын басталысымен, алаң иелері допқа иелік етіп, жылдам шабуылға көшті. Қарсыластың қақпасын торуылдаумен болған қызылжарлық шабуылшылар есеп ашуға асықты. Ойын басталғалы он үш минут өтер-өтпестен, әріптесінен келген допты қарсыластың айып алаңында ырқына көндірген жерлес команданың 33 нөмірлі футболшысы Давити Чагелишвили нысананы дәл көздеді. Естеріңізге сала кетейік, бұл шабуылшы Грузия елінің Премьер-лигасының ойыншысы болған. Жуырда Шымкент қаласының “Ордабасы” құрамасынан бізге ауысып келген. Келгеніне аз уақыт өткенімен, грузиялық футболшы Бірінші лига ойындарында екі гол соғып үлгерген.

Бірінші таймда соғылған голға қонақтар ешқандай жауап қайтара алмады. Ойын түгелімен алаң иелерінің бақылауында болды. Сөйтіп, алғашқы кезеңде кеткен есені қарсылас команда 2-ші таймда қайтаруға тырысты. Алайда, барлық қауіпті шабуылдар сәтсіз болды.

Ойынның алғашқы минуттарында қонақтар “Қызыл-Жар СК” қақпасының айып алаңына еніп, ойыншысы құлады. Алайда, бұл пенальти берілсін деген қарекет екен. Әдейі құлағаны үшін ойыншыға төреші сары қағаз көрсетті.

Екінші таймда да алаң иелері тізгінді өз қолдарында ұстады. Оң қапталмен де, сол қапталмен де қарсыластың қорғанысын бұзып өтудің әрекетін жасады. Ал қарсыластар болса, қарымта шабуылға шығып отырды. Осы орайда қорғанысты бұзып өтіп, гол соғуға талпынған гефестіктердің добын қағып отырған қақпашы Владимир Никлевичке оңай болған жоқ.

Дегенмен, ойынның 35 минутында қарағандылық 24 нөмірлі ойыншы жерлестердің қақпасына гол соғып еді. Бірақ, ол гол төреші ысқырығынан соң соғылғандықтан, есепке алынбады.

Бұл жолғы кездесуге көптеп жиналған қызылжарлықтар сүйікті командасынан тағы да гол күтті. Нәтижесінде ойынның 84-ші минутында 85 нөмірлі шабуылшы Олександр Згура төрт бірдей қарағандылықты алдап, қарсыластар қорғанысын бұзып өтіп, тамаша гол соқты. Сөйтіп жанкүйерлердің қошеметіне бөленген Олександрдың қоржынындағы голдардың саны 10-ға жетті.

Екінші таймның аяқталуына 4 минут қалғанда өз мүмкіндігін мүлт жібермеген “Гефест” командасының шабуылшысы Қанат Ахметов қызылжарлықтардың қақпасына доп дарытты. Бірақ араға көп уақыт салмай, ойын алаңындағы дөрекілігі үшін төрешіден сары және қызыл қағаз алып, алаңнан аластатылды.

Сөйтіп, 2:1 есебімен қызылжарлықтар жеңіске жетті.

Қатарынан үш бірдей жеңіске жеткен “Қызыл-Жар СК” футбол командасы 5 жаңа ойыншымен толықты. Қызылжарлық футбол клубымен келісімшартқа отырған Давити Чагелишвили, Сабырхан Ибраев, Денис Гудаев, Виктор Кожушко және Никита Коваленко енді команданың біртіндеп турнир кестесінің биігіне көтерілу жолында тер төкпек.

Айтпақшы, соңғы жеңістердің арқасында команда Бірінші лиганың турнир кестесінде 7-ші орыннан 5-ші орынға көтерілді. Келесі ойын 10 тамыз күні өтеді. Жергілікті құрама өз алаңында астаналық “Астана – 1964” командасын қабылдайды.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp