«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН ҰРЛАУШЫ ҰСТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының жәдігерлерін тамашалау барысында экскурсия жетекшісінің ұялы телефонын қолды еткен 34 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Сондай-ақ оның дәл осындай басқа да қылмыстарға қатысы бар екендігі анықталды.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ІІД-нің баспасөз қызметкері.

Аталмыш қылмысты жасау үшін күдікті өзінің танысының көмегіне жүгінген. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайына келген сезіктілер өздерін аулалық клуб жетекшілері ретінде таныстырған. Күдіктінің танысы мұражай қызметкерінен балаларға арнап экскурсия ұйымдастыру мәселесі бойынша сұрастырып жатқанда, ер адам бос тұрған кабинетке кіріп, қараусыз жатқан ұялы телефонды ұрлаған.  

Жедел іздестіру шарасы барысында полицейлер бірнеше күннің ішінде қылмысқа қатысы бар күдіктілерді анықтап, қамауға алды. Тергеу барысында бойжеткен қылмысқа еш қатысы жоқ екендігін айтып ақталса, бұған дейін де істі болған ер адам кінәсін бірден мойындады. Күдіктінің облыс орталығындағы сауда үйлерінде тіркелген дәл осындай қылмыстық істерге қатысы бар екендігі әшкереленді. Ал жоғалған ұялы телефон Петропавл қаласының сауда нүктелері сатушыларының бірінен тәркіленді. Қамауға алынған азамат ұрлық жасағаны үшін бас бостандығынан айрылған және өткен жылы ғана “темір тордың” ар жағынан босап шыққан.

Қазіргі уақытта ол Петропавл қалалық ІІБ-ның уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp