«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ербол ҚУАНЫШЕВ,

СҚО ТЖД-нің Мемлекеттік өрттік бақылау басқармасы бөлімінің бас маманы.

 

СҚО ТЖД-нің Мемлекеттік өрттік бақылау басқармасы Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл ауылында төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімдердің бас мамандарымен “тілсіз жаудың” алдын алуға және тәжірибе алмасуға арналған семинар-кеңес өткізді. Оған аудандар мен Петропавл қаласының осы саланы бақылаумен айналысатын қызметкерлері қатысты.

Семинар-кеңесте күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланып, Жамбыл аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің жергілікті атқарушы органдармен, шаруа қожалықтары және ЖШС басшыларымен орман алқаптарында өрттің алдын алуға байланысты атқарып отырған нәтижелі жұмыстарын тәжірибе ретінде тарату жөнінде шешім қабылданды. Есіл аудандық ТЖ бөлімінің табиғи және техногендік апаттарды жою және оған күш құрылымдарын тарту жөніндегі жұмыс тәжірибесіне оң баға берілді.

Осы күні аталмыш шараға қатысушылар Айыртау ауданындағы №7 өрт сөндіру бөлімінде болып, оның материалдық-техникалық базасымен, жұмыс істеу жағдайымен танысты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp