«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ТАҚЫРЫБЫНА ИНФОГРАФИКА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ежелгі Қазақстан тарихы кезеңі б.з.д. V-ІІІ мыңжылдықтағы неолит дәуірімен тікелей байланысты. Бұл тас өңдеу техникасының гүлдену және еңбек құралдарын даярлаудың одан әрмен мамандандырылу кезеңі еді. Тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау, аралау сияқты технологиялық әдістерді қолдану жолға қойылып, тастан балта, кетпен, дәнүккіш, ұнтақтағыш, түйгіштер жасалды.

Неолит дәуірінің негізгі сипаты – иеленуден (терімшілік пен балық аулау) өндіруші (мал шаруашылығы мен жер өңдеудің туындауы) шаруашылыққа ауысу болды. Алғашқы тұрғындар қол жеткізген өндіргіш күштердің даму деңгейі басқа да мәдени-шаруашылық жаңалықтардың туындауына сеп болды. Қазақстанның ежелгі тұрғындарында тау-кен ісі мен тоқымашылық өнерінің бастамасы пайда болды, оларға керамикалық ыдыстар да таныс болған.

Қазақстанның неолиттік тайпалары өзінің мәдени дәстүрлерінің ерекшеліктері мен болмысын сақтай отырып, көрші аймақтар мен облыстардың аттарымен өзара байланыста дамыды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp