«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАЛАР – ҚУАНЫШ ӘЛЕМІНДЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық Мәдениет және демалыс саябағында “Радужный мир” атты балаларға арналған іс-шара өтті. 

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,  

“Солтүстік Қазақстан”.

“Улыбка” балалар қайырымдылық қоры ұйымдастырған іс-шара бүлдіршіндерді күлкі мен қуанышқа бөледі. Саябақтың кіреберісіндегі би алаңына жиылған бүлдіршіндер мен жасөспірімдер сайқымазақ, теңіз қарақшысы, сиқыршы мен қуыршақ болып киінген ертегі кейіпкерлерімен бірге түрлі ойындар ойнады. Арқан тартысып, қуыспақ ойнап, тас жолға сурет салды.

Созылмалы дерттері бар науқас балалардың еміне қажет қаражат жинау мақсатымен өткен іс-шараға жергілікті қолөнершілер де өз үлестерін қосты. Өңірдің іскер әйелдері өздері жасаған бұйымдарды сатуға қойып, одан түскен қаражатты қайырымдылық шарасына жұмсады.

Іс-шара барысында түрлі байқаулар өтті. Балалар “Бақыт жолы”, “Күлкі” тақырыптарында сурет салды. Үздік суретшілерге кәмпиттер мен шырындар үлестірілді. Балалар “Жарық жұлдыз” байқауына қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Бұл байқаудың жеңімпазы – 4 жасар Ярослав Баров. Ол үміткерлердің ең кішкентайы еді. Фотобайқау конкурсының үздіктері де анықталды. Аталмыш байқауға жолданған барлық фотосуреттер қызықты болды. Сайыс жеңімпазы болып Роман Ильиных есімді 3 жасар бала атанды. Жүлдегерлердің бәріне сыйлық тапсырылды.

Мүмкіндігі шектеулі балалар мен көпбалалы отбасы бүлдіршіндеріне қайырымдылық көмек көрсетіліп, оларға арнап жергілікті өнерпаздар ән мен биден шашу шашты. Қайырымдылық іс-шарасының нәтижесінде 100 мың теңгеден астам қаражат жиналды.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp