«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ТҰРҒЫН ҮЙ СЕКТОРЫН ТЕКСЕРДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл сайынғы статистика бойынша өрттің жоғары пайызы тұрғын үй секторының үлесіне келіп отыр. Жыл басынан бері Петропавл қаласының аумағында 10 миллион теңгенің шығынын келтірген 143 өрт оқиғасы тіркелді. Өртте 4 адам ажал құшса, 11 облыс тұрғыны түрлі жарақаттар алды.

Дмитрий РАСТИХИН,

СҚО ТЖБ-нің аға инженері,

өртке қарсы қызмет майоры.

Аталған өрттердің туындауының негізгі себептері – отты дұрыс қолданбау, электр жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау. Мысалы, өткен маусымда 5 миллион теңге шығынға батырған 108 өрт оқиғасы орын алды. Аталмыш өрт оқиғаларының 45-і – пешті жағу барысында өрт қауіпсіздігінің бұзылуынан, отты жағу кезіндегі абайсыздықтан 40 факті, электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау кесірінен 20 оқиға тіркелді.

Сол себепті өрттің алдын алу мақсатында өрт қауіпсіздігі жөнінен тұрғындармен тікелей қарым-қатынас жүргізу өте маңызды. Жергілікті өртсөндірушілер Жұмысшы кентінде өрт қауіпсіздігі рейдін өткізіп, тұрғын үйлерді, олардың аулаларын аралап, тұрғындармен әңгімелесіп, өрт қауіпсіздігі туралы жадынама таратты. Сондай-ақ тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, мекеме, кәсіпорындарда, еңбек ұжымдарында өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттау, газ, электр жүйелерін пайдалану туралы түсінік жұмысын жүргізді. Шағынаудан тұрғындары, әсіресе, апатты жағдайларға себепкер болатын үй жылыту құрылғылары мен пештерді жөндеу және дұрыс пайдалану жөнінде сұрақтар қойды.  

Мамандар болса, тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтап, пешті, электрге қосылған барлық заттарды қадағалап, дер кезінде өшіріп отыруды ескертті.

Облыс орталығында табиғи және техногендік апаттардың алдын алуға арналған рейд жұмыстары алдағы уақытта да жүргізілмек.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp