«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАМБЫЛДАЙ ЖАМПОЗДЫҢ ЖҮЛДЕСІ ҮШІН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы спортқа дарынды балалардың облыстық мектеп-интернатында Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері, Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, грек-рим күресінен республикамыздың бірнеше дүркін жеңімпазы Жамбыл Тасеменовтің жүлдесі үшін күрес фестивалі өтті. 

Қанат АТАМАНОВ,  

“Солтүстік Қазақстан”.

Еліміздің түкпір-түкпірінен, облыс орталығындағы спортқа дарынды балалардың мектеп-интернатынан, “Жеңіс”, “Күрес” мектептерінен және Ресей қалаларынан жиналған 200-ге тарта балуан 42-85 килограмм салмақ дәрежелері аралығында күш пен шеберлік сынасты.  

Спорттық шараның ашылу салтанатында грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері, еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Таңат Сағындықов, облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин боз кілемде белдесушілерге ақ тілек арнап, таза жеңіс тіледі.

Бір атап айтарымыз, тоғыз салмақ дәрежесінің бесеуінде жерлестеріміздің бағы жанды. Әсіресе, “Жеңіс” мектебінің үш бірдей балуаны жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.

Екі күнге созылған күрес фестивалінда алтын алқа төмендегі өрендерге бұйырды. Грек-рим күресі бойынша Николай Михин (42 кг., “Жеңіс” мектебі”), Нұрбек Маданиев (46 кг., “Жеңіс” мектебі”), Аян Жұматов (50 кг., БЖСМ), Роман Шеремет (54 кг., “Жеңіс” мектебі), Олжас Әліпбек (63 кг., Қызылорда қ.), Бауыржан Мусин (69 кг., БЖСМ), Ислам Шилеуов (76 кг., Орал қ.), Вячеслав Құсайынов (85 кг., Павлодар қ.) топ жарады. Еркін күрес бойынша Санат Қайыргелдин (42 кг., Уәлиханов ауданы.), Есләмбек Көклаев (46 кг., Көкшетау қ.), Рүстем Әскербеков (50 кг., Щучье қ.), Нұржан Дастанов (54 кг., Қызылорда қ.), Сұлтан Бейісов (58 кг., интернат), Бекназар Шәмшиев (63 кг., Щучье қ.), Данияр Қабдылмәжитов (69 кг., Көкшетау қ.), Ересен Қайыргелдин Бахытжан Жұрабеков (76 кг., 85 кг., Қызылжар ауданы) үздік деп танылды.

Белдесулер барысында төрешілердің ұйғаруы бойынша үздік шеберлігімен көзге түскен Уәлиханов ауданының балуаны Санат Қайыргелдинге сайыстың “Ең үздік техникасы үшін” аталымының жүлдесі бұйырды.

Марапаттау салтанатына Жамбыл Тасеменовтің өзі қатысты. Фестиваль жеңімпаздарына медальдар және кубоктар табыс етілсе, ұйымдастырушылар жарыстың құрметті қонақтарына да кәдесыйлар тарту етті.

СУРЕТТЕ: Ж.Тасеменов жеңімпаздармен бірге.

Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp