«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚ АЗАЙЫП, қыруар қаржы бюджетке қайтарылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының бақылау іс-шаралары жоспарына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің тапсырмаларына сәйкес, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өтініштерінің негізінде инспекция 2013 жылдың І жартыжылдығында 125 бақылау нысанын бақылаумен қамтыды, оның ішінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатыны – 115.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда анықталған заң бұзушылықтардың сомасы 3 008,3 млн. теңгені құрады (2012 жылы – 3 447,6 млн. теңге), соның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 1 671,6 млн. теңге немесе 56%; мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтар – 1 208,3 млн. теңге немесе 40%; бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті құру тәртібін бұзушылықтар – 123,1 млн. теңге немесе 4%; бюджетті әзірлеу, бекіту және нақтылаудағы бұзушылықтар – 5,3 млн. теңге немесе 0,1%.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасынан 90,5 млн. теңге қалпына келтіруге жатады, есепті мерзімде қолданылған шаралардың нәтижесінде 25,9 млн. теңге қалпына келтірілді/өтелді, сонымен қатар бюджет кірісіне 5,1 млн. теңге қайтарылды.  

Жергілікті бюджет бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері және олардың бағыны-сындағы ұйымдар шеңберіндегі анықталған бұзушылықтар: Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы – 1 523,9 млн. теңге (50,7%); аудандардың және Петропавл қаласының Білім бөлімдерінде – 450,3 млн. теңге (15%); аудандардың және Петропавл қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінде – 222,6 млн. теңге (7,4%); Денсаулық сақтау басқармасында – 172,6 млн. теңге (5,7%); аудандардың және Петропавл қаласының Құрылыс бөлімдерінде – 130,8 млн. теңге (4,3%); Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында – 124,3 млн. теңге (4,1%); Білім басқармасында – 106,9 млн. теңге (3,6%); “Солтүстік” әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ – 93,7 млн. теңге (3,1%); Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында – 56,3 млн. теңге (1,9%); аудандардың және Петропавл қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде – 52,9 млн. теңге (1,8%); Дене шынықтыру және спорт басқармасында – 50,3 млн. теңге (1,7%); Мәдениет басқармасында – 5,4 млн. теңге (0,2%) және басқалары.

ҚР “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бергені үшін әкімшілік өндіріп алу түрінде 5 729,6 мың теңге сомасында айыппұл салу туралы 35 қаулы шығарылып, бүгінгі күнде бюджет кірісіне 2 648,4 мың теңге немесе 46% өтелді.

Есепті мерзімде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бақылау нысандарының 137 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Инспекция сот органдарына заңнаманы бұза отырып пайдаланылған соманы бюджетке қайтару, мемлекеттік сатып алу қорытындыларын жою және мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды заңсыз деп тану туралы есепті мерзімде 5 талап арыз жіберді. Олардың біреуі қанағаттандырылды, төртеуі – өндірісте.

Құқық қорғау органдарына жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бақылау нысандарының 2 174,3 млн. теңге сомада 28 материалы жіберілді.

Инспекцияның бекітілген бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес 2013 жылдың 2 тоқсанында Қызылжар ауданының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдардың бюджеттік және басқа да заңнамалардың сақтауына бақылау жүргізіліп, жалпы 348,3 млн. теңгенің заң бұзушылықтары анықталды (соның ішінде: қаржылық – 295 млн. теңге, бюджетті әзірлеу және атқаруда – 5,3 млн. теңге, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары – 47,9 млн. теңге, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу қорытындыларына әсер ететіндер – 37,4 млн. теңге) немесе бақылаумен қамтылған 11 800,7 млн. теңге сомасынан 3%. Қолданылған шаралардың нәтижесінде 2,7 млн. теңге қалпына келтірілді және бюджетке қайтарылды.

Мәселен, Қызылжар ауданының Білім бөлімі 2012-2013 жылдарға 27,8 млн. теңгенің оқулықтары мен оқу-әдістемелік жинақтарын сатып алу және жеткізу қажеттілігін жоспарлауды бір дананың құнын және оқулықты қажет ететін оқушының санын растайтын құжаттарсыз жүргізген.

Бақылау мерзімінде ауданның білім ұйымдарында тиісті бағыттар бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіби білімдері жоқ тұлғалардың педагогикалық қызметпен айналысқаны анықталды, оларды ұстауға жұмсалған шығын 20,3 млн. теңгені құраған.

Қызылжар ауданының Құрылыс бөлімі ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 233 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімдерді құру және ұсыну ережесін бұза отырып, 2012 жылға арналған бюджеттік өтінімде көрсетілген жалпы сомасы 118,1 млн. теңгенің ақпараты мен есеп айырысулардың толықтығы мен растығын (жоспарланатын шығындар құнының негіздемесі жоқ) қамтамасыз етпеген. Осындай бұзушылық 14,2 млн. теңге сомада ауданның Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде де анықталды.

Ауданның Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ҚР “Лицензиялау туралы” және “Арнайы әлеуметтк қызметтер туралы” Заңдарын бұза отырып, 2009-2010 жылдары қарттар, мүгедектер, сонымен қатар үйде күндізгі күтудегі мүгедек балаларға арнайы әлеуметтік қызметтерді тиісті лицензиясыз ұсынған, келтірілген шығын сомасы – 43,8 млн. теңге.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы “Жігер” КМК-ында 2011 жылдың маусым және желтоқсан айларында бір көзден алу тәсілімен арнайы техниканың мемлекеттік сатып алуын жүргізуде (құны 1,5 млн. теңге автомобиль және құны 0,2 млн. теңге “МТЗ-82,1″ үшін алдыңғы аударғыш қайырма) ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 қаулысымен бекітілген мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру ережесі бұзылып, біліктілік талаптарына сай келмейтін әлеуетті жеткізушілер жіберілген.

“Айыртау психоневрологиялық интернаты” КММ-сі ҚР “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңының 44-бабының 5-тармағын және ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 17 мамырдағы №423 “Отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізімін бекіту туралы” қаулысының талаптарын бұзып, 124 млн. теңгенің азық-түлік тауарларын (2010- 2013 жылдары) отандық тауарөндірушілерден емес, жалпы негізде сатып алған. “Мағжан Жұмабаев ауданының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” ММ-сінде үстіміздегі жылдың мамыр-маусым айларында ІІІ-ІV санаттағы автомобиль жолдарын ұстау бойынша жұмыстардың мемлекеттік сатып алуын жүргізуде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтар анықталды. Бұл бұзушылық конкурстық өтінімдері бекітілген конкурстық құжаттамалардың талаптарына сай келмейтін әлеуетті жеткізушілерді конкурсқа қатысуға жіберуден және әлеуетті жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстарына әсер ететін шарттық жеңілдіктерді дұрыс қолдан-баудан көрінген. Оның үстіне 45 млн. теңгелік баға ұсынған, конкурстық өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтін әлеуетті жеткізуші “Искандарян Мхитар Федяевич” ЖК осы мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы болып танылған.

“Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” ММ-сінде үстіміздегі жылдың наурыз-сәуір айларында конкурс тәсілімен ауданның жолдарын ағымды жөндеу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруда конкурсқа қатысуға конкурстық құжаттамада көрсетілген арнайы біліктілік талаптарына сай келмейтін әлеуетті жеткізуші “МГА-Дорстрой” ЖШС-і жіберілген. Конкурсқа бір ғана әлеуетті жеткізуші жіберілуіне байланысты осы конкурс өтпеді деп танылған. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ауданның жолдарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды “МГА-Дорстрой” ЖШС-інен бір көзден алу тәсілімен 51,4 млн. теңге бағасымен сатып алу туралы шешім қабылдаған. Ал бұл әлеуетті жеткізуші мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген біліктілік талаптарына сай келмеген.

Бұған қоса, мұнда ҚР “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңының 44-бабын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы №64 “Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы” қаулысы бұзылып, 2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасының мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған тауар өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін ұйымдардан сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтердің жеке түрлері мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері арасында емес, 3,2 млн. теңге сомасында жалпы негізде сатып алынған.

Облыстық Қаржылық бақылау инспекциясы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp