«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАСТЫҚТЫҢ САЛДАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда бір ай бұрын жасалған әйел зорлау мен ұрлық әшкереленді. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Қызылжар ауданының 3 тұрғыны қамауға алынды.

Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасының № 2 полиция бөліміне шілде айының басында облыс орталығының 33 жастағы тұрғыны арызданған. Ол өзінің зорланғандығын және тоналғандығын хабарлаған. Әйелдің айтуы бойынша, өз шаруасымен кетіп бара жатқан оны белгісіз 3 жігіт таңғы сағат 6-лар шамасында Алматы көшесі бойында тоқтатады. Шабуыл жасап, әйелді гараждардың арасына апарып, зорлаған. Кейін ұялы телефонын да тартып алған. Жәбір көруші күдіктілердің жасы мен бет-әлпетін полицейлерге суреттеп берді. Тәртіп сақшылары бір ай бойы қылмыскерлерді іздестірді. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар 3 күдікті қамауға алынды.

“Күдіктілер қыдырып жүріп, ішімдік ішкен. Таң ата бейтаныс жәбірленушіні кездестірген. Кейін оны қорқытып, гараждардың арасына апарып, сол жерде зорлаған. Зорлау барысын күдіктілердің бірі өзінің ұялы телефонына түсіріп алған. Тұтқындалған жігіттерден бейнежазба тәркіленді”, – деп хабарлады Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасының тергеушісі Жанат Аманжолов.  

Полиция қызметкерлері қамауға алынғандардың бірінен жәбірленушінің телефонын, ал екіншісінен зорлау кезінде түсіріп алған бейнефайлды тәркіледі. Жәбірленуші қылмыскерлерді бірден таныды. Олар Қызылжар ауданының 19 және 20 жас аралығындағы тұрғындары болып шықты. Ұсталғандардың айтуынша, олар облыс орталығына келіп, ішімдік ішкен.

Қамауға алынғандардың бірі сол кештің қалайша өрбігенін де айтып берді. Оның айтуынша, біреуі әйелге таяп келіп, гараждардың сыртына баруды ұсынған. “Біз аздаған уақыттан соң жақындап келгенде осы көріністің куәсі болдық”, – деді ол. Тәртіп сақшыларының: “Бейнеге неге түсірдіңдер?” – деген сұрағына күдіктілер мас болғандықтарын айтып ақталды.

Зорлау мен ұрлық фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

  СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp