“ПАРА ЕМЕС, ҚАРЫЗЫМДЫ ҚАЙТАРУЫН СҰРАДЫМ”, – деп ақталған Салық басқармасының қызметкері мен “басқа біреу үшін сабақ берген” мектеп директоры қызметтерінен босатылатын болды
Кеше Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің облыстық департаментінің жаңа басшысы Мұрат Қадырбектің төрағалығымен Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы болып, онда алты мәселе қаралды. Олардың бесеуі – мемлекеттік қызметшілердің үстерінен қозғалған тәртіптік істер. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның соты 2012 жылғы 19 қазанда осы ауданның Целинное ауылындағы “Целинное – 2004” ЖШС заңды иесі болып табылатын тұрғын үйді Н.Авсиевичтің …