«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 16.08.2013

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРМЕН БҮКПЕСІЗ ӘҢГІМЕ

Бейсенбі күні “Абакшино” демалыс базасында үш күн қатарынан “Жастар – Отанға! атты жазғы саяси жастар лагері жұмыс істеген болатын. Оған 50-ге жуық белсенді жас қатысты. Лагерьдің жабылу салтанатына облыс әкімі Самат Ескендіров және Парламент Сенатының депутаты Анатолий Башмаков қатысты. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Бұл басқосудың мақсаты – билік пен белсенді жастар арасында тығыз байланыс орната …

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРМЕН БҮКПЕСІЗ ӘҢГІМЕ Read More »

АСТЫҚТЫ НАРЫҚҚА ШЫҒАРУДА теміржолшылар жәрдемге келуге тиіс

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Бейсенбі күні облыс әкімі Самат Ескендіров темір жол компанияларының басшылары мен ауыл шаруашылығы секторындағы кәсіпкерлердің басын қосып, кеңес өткізді. Ондағы мақсат – биылғы өңір алқаптарынан жиналатын астықты уақтылы экспорттау және ел ішінде сатуды жүзеге асыру үшін темір жол қатынастарын пайдалану, сондай-ақ бұл шараға кедергі тудыратын кейбір мәселелердің шешімін табу. “Қазақстан темір …

АСТЫҚТЫ НАРЫҚҚА ШЫҒАРУДА теміржолшылар жәрдемге келуге тиіс Read More »

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНІП ОРАЛДЫ

Қостанай облысының Қарабалық және Таранов аудандарында орын алған су тасқынының алдын алуда әріптестері мен төтенше жағдайға тап болған тұрғындарға жәрдемдесу мақсатында барған СҚО ТЖД-нің 32 сүңгуірші-құтқарушысы мен өртсөндірушісі әл-қадерлерінше көмек көрсетіп, үш күн өткен соң елге оралды. Мұрат ҚАНҒУЖИНОВ, СҚО ТЖД бөлімінің аға маманы. Солтүстікқазақстандық құтқарушылар Қостанай облысының су астында қалған Таранов пен Қарабалық аудандарының …

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНІП ОРАЛДЫ Read More »

НЕМІС ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІ тәжірибе алмасты

15-16 тамызда Петропавлдағы Достық үйінде “Видергебурт” неміс мәдени орталығының ұйымдастыруымен “Неміс тілі этникалық сәйкестендіру факторы ретінде” тақырыбындағы семинар өткізілді. Оған орталықтың тілдік жобасы бойынша жұмыс істейтін Петропавл қаласының және Тайынша, Есіл, Мағжан Жұмабаев аудандарының неміс тілі мұғалімдері қатысты.    Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. “Видергебурт” неміс мәдени орталығы “Ана тілін (неміс тілі) үйрену арқылы сәйкестікті жете …

НЕМІС ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІ тәжірибе алмасты Read More »

А.ДАНИЛИНА ITF СЕРИЯСЫНДАҒЫ ТУРНИРДІҢ ШИРЕК ФИНАЛЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Қазақстандық теннисші А.Данилина Қазан қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 50 мың долларды құрайтын ITF сериясындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды. Бұл жайында sports.kz сайты Халықаралық теннис қауымдастығының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады. Турнирдің екінші айналымында ресейлік М. Сироткинаға қарсы ойнаған жерлесіміз 1:6, 7:5, 7:5 есебімен басым түсті. Ал ширек финалда А. Данилина украиндық спортшы В. …

А.ДАНИЛИНА ITF СЕРИЯСЫНДАҒЫ ТУРНИРДІҢ ШИРЕК ФИНАЛЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ Read More »

4,5 МИЛЛИОН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ Спорт күнін мерекелеуге қатысады

Тамыз айының үшінші жексенбісі – Спорт күні “Саламатты ұлт – саламатты ұрпақ” акциясына 4,5 миллионнан астам адам қатысады деп күтілуде. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Тастанбек Есентаев мәлім етті. “ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ұйымдастыруымен, Астана қаласы әкімдігінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің …

4,5 МИЛЛИОН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ Спорт күнін мерекелеуге қатысады Read More »

“МАҚСАТЫМ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУЫН ЖЕЛБІРЕТІП, ГИМНІН ШЫРҚАТУ”

Қазан қаласында өткен Бүкіләлемдік XXVII жазғы Универсиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасының сапындағы 15 жеңілатлетшінің үшеуі алтын медальмен оралған еді. Солардың бірі – жерлесіміз Маргарита Мұқашева. Осы орайда Қызылжардың желаяғымен сұхбаттасып, газет оқырмандарына Маргаританы жақынырақ таныстыруды жөн санадық.  – Маргарита, Универсиадада жеңіп алған алтын медаліңізбен құттықтаймыз! Аталмыш байрақты бәсекеге дайындық кезінде қандай қиындықтарға кезіктіңіз? – Рақмет! …

“МАҚСАТЫМ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУЫН ЖЕЛБІРЕТІП, ГИМНІН ШЫРҚАТУ” Read More »

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТІҢ ЖАНЫНДА… бұрынғы ауаткомның тар ғимаратында 440 қазақ баласы үш ауысыммен оқып жүр

Бүгінде Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда 49 мектеп бар болса, соның 8-і ғана таза қазақ тілінде білім береді. Соның бірі – Новоишим қазақ орта мектебі. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Облысымыздағы ең үлкен және әлеуметтік-экономикалық жағдайы өзге өңірлерден көш ілгері саналатын Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бұрынғы Куйбышев, Рузаев және Чистополь аудандарын біріктіру жолымен 1997 жылы құрылған. Содан …

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТІҢ ЖАНЫНДА… бұрынғы ауаткомның тар ғимаратында 440 қазақ баласы үш ауысыммен оқып жүр Read More »

ТАЙЫНШАДА БАЛАБАҚШАҒА МҰҚТАЖДЫҚ ЖОҚ

Гүлнар ИГІБАЕВА, Тайынша аудандық Білім бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына орай 2020 жылға дейін ұзартылған “Балапан” бағдарламасы біздің Тайынша ауданында ойдағыдай жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен ауылдық және қалалық бүлдіршіндердің барлығы 100% қамтылған. Бүгінгі күні ауданда 280 орындық 1 бөбекжай-балабақша, 215 орындық 4 балабақша, 310 орындық толық күн …

ТАЙЫНШАДА БАЛАБАҚШАҒА МҰҚТАЖДЫҚ ЖОҚ Read More »

ӨМІР БОЙЫ БІЛІМ АЛУ – бүгінгі күн талабы

Қарашаш ЖАМАНТАЕВА, СҚО ПК БАИ “Өрлеу” филиалы деңгейлік бағдарламалар орталығының жаттықтырушысы. Дәстүрлі түрде тамыз айында жаңа оқу жылының қарсаңында өтетін педагогикалық кеңестерде өзекті мәселелер қарастырылмақ. Әр мұғалім, әр оқу мекемесі келер жаңа оқу жылынан ауқымды істердің нәтижесін көруге үміттенеді. Күтілетін нәтижеге жетуге Үкімет тарапынан қолайлы жағдайлар жасалуда. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың “Сапалы …

ӨМІР БОЙЫ БІЛІМ АЛУ – бүгінгі күн талабы Read More »

“БІР ХАЛЫҚ – БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР” рухындағы оқушыларды тәрбиел е у мақсатымыз

Шолпан КАРИНОВА, облыстық Білім басқармасының басшысы. Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі білім беруді дамыту болып табылады, өйткені алдағы жылдарда ел экономикасының даму қарқыны, әлеуметтік және мәдени өрлеуі, сонымен қатар ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің деңгейі біліммен байланысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: “Қазақстан – 2050″ Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында білім беру жүйесінің даму қорытындысын шығарып, …

“БІР ХАЛЫҚ – БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР” рухындағы оқушыларды тәрбиел е у мақсатымыз Read More »

ХАЛЫҚ МҮДДЕСІН БӘРІНЕН ЖОҒАРЫ ҚОЮ – қалалық, ауылдық округтер әкімдерінің басты міндеті

Кеше облыс әкімі Самат Ескендіров халық қалаулыларының таңдауымен 7 тамызда баламалы түрде жаңадан сайланған аудандық маңызы бар қалалар және ауылдық округтердің әкімдерімен кездесіп, жерлікті тұрғындармен жұмыс істеу барысында басшылыққа алатын келелі міндеттер жүктеді. Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. Кездесуді ашқан облыс әкімі Самат Ескендіров: – Биылғы 7 тамызда халық қалаулыларының таңдауымен өткен саяси науқанда аудандық маңызы …

ХАЛЫҚ МҮДДЕСІН БӘРІНЕН ЖОҒАРЫ ҚОЮ – қалалық, ауылдық округтер әкімдерінің басты міндеті Read More »

АТҚАРЫЛҒАН ІСТЕР АЗ ЕМЕС, ал алдағы міндеттер тіпті ауқымды

Кеше бесінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың ХVІІІ сессиясы өтті. Сессияда облыс әкімі Самат Ескендіров “2013 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы” есеп берді.  Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Онда айтылғанындай, биылғы жылдың бірінші тоқсанында өңірлік жалпы өнім өсімі 5 пайызды немесе 116,5 млрд. теңгені құраған. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуда оң ырғақ байқалады. Егіншілікті әртараптандыру …

АТҚАРЫЛҒАН ІСТЕР АЗ ЕМЕС, ал алдағы міндеттер тіпті ауқымды Read More »

Мерекелік құттықтау

Құрметті спортшылар, жаттықтырушылар және спорт қызметкерлері! Айтулы мереке – Спорт күні құтты болсын! Осынау денсаулық, сергектік және дене шынықтыру мерекесі барлық спорт пен саламатты өмір салтын ұстанушыларды біріктіреді. Солтүстік Қазақстан облысы спорт дәстүрлеріне бай. Біздің жерлестеріміздің арасында өз жеңістерімен өңірімізді және елімізді даңққа бөлегендер аз емес. Біз оларды мақтан етеміз. Солтүстікқазақстандықтардың биылғы және былтырғы тамаша …

Мерекелік құттықтау Read More »