«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НЕМІС ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІ тәжірибе алмасты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

15-16 тамызда Петропавлдағы Достық үйінде “Видергебурт” неміс мәдени орталығының ұйымдастыруымен “Неміс тілі этникалық сәйкестендіру факторы ретінде” тақырыбындағы семинар өткізілді. Оған орталықтың тілдік жобасы бойынша жұмыс істейтін Петропавл қаласының және Тайынша, Есіл, Мағжан Жұмабаев аудандарының неміс тілі мұғалімдері қатысты. 

 

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

“Видергебурт” неміс мәдени орталығы “Ана тілін (неміс тілі) үйрену арқылы сәйкестікті жете түсіну” тілдік жобасы бойынша жұмыс жүргізеді. Онда неміс тілінің әріптерін, грамматикасын, фонетикасы мен лексикасын, олардың ережелерін үйреніп қана қоймай, ресейлік немістердің мәдениетін, тарихын, ата-бабаларының Қазақстан аумағына қалай келгенін оқып біледі.


– Тілді үйрету арқылы біз диалект сөздерді де іздестіреміз. Кейбір қариялары бар отбасыларда олардың Қазақстан жеріне келген кездегі көне диалект сөздері сақталған. Өткенін білмей өскен жастардың болашағы жоқ. Сондықтан біз өткен тарихымызды білуге және оны зерттеп, есте сақтауға балаларды үйретуге тиіспіз, – дейді “Видергебурт” неміс мәдени орталығының тілдік жобаларының тәлімгер-әдіскері Ольга Вехтева.  

 

Семинар бірнеше бағытқа негізделді. Бірінші бағытта ресейлік немістердің тарихы мен мәдениетіне байланысты тақырыптар викториналық ойын түрінде қарастырылса, екінші кезеңде Қазақстан жеріне қоныс аударған ресейлік немістердің өмірі, тұрмыс-салты туралы халық шығармашылығында айтылған әндері мен өлеңдерін неміс тілі сабақтарында талдау арқылы сақталып келген диалект сөздерді оқыту амалдары талқыланды. Неміс тілі мұғалімдерінің шығармашылығы да сынға түсті. Онда әр мұғалімге өлең шумағы немесе ән беріліп, оны ұстаз өз сабағына бейімдеп, оқушыларға жеткізу жолдарын көрсетті. Шумаққа лексикалық, грамматикалық талдау жасай отырып, ондағы диалект сөздердің өзгеріске ұшырау жолдары анықталды. Семинар қорытындысында мұғалімдер үй тапсырмасын орындады.

– Ондағы мақсатымыз, мұғалімдер коммуникативтік құзыреттілікті қалай жүзеге асырып жүргенін, қандай кемшіліктер жіберетінін және оларды қалай түзетуге болатынын байқап, әдістемелік көмек көрсету. Біздің орталықта неміс тілін үйренгісі келген адамдарға жол ашық, – дейді Ольга Вехтева.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp