«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНІП ОРАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қостанай облысының Қарабалық және Таранов аудандарында орын алған су тасқынының алдын алуда әріптестері мен төтенше жағдайға тап болған тұрғындарға жәрдемдесу мақсатында барған СҚО ТЖД-нің 32 сүңгуірші-құтқарушысы мен өртсөндірушісі әл-қадерлерінше көмек көрсетіп, үш күн өткен соң елге оралды.

Мұрат ҚАНҒУЖИНОВ,

СҚО ТЖД бөлімінің аға маманы.

Солтүстікқазақстандық құтқарушылар Қостанай облысының су астында қалған Таранов пен Қарабалық аудандарының тұрғындарын, дүние-мүлкі мен қорадағы төрт түлік малды қауіпсіз жерге жеткізіп, су басқан жағажайды күзетті.

Құтқару шарасы барысында 29 аула мен көшеден 15 мың текше метр су сорылған. Бұл жұмыстарға өңірден 31 маман, 6 бірлік арнайы техника, 2 қайық пен 3 өрт сөндіру помпасы жұмылдырылған болатын. Табиғи апатпен күреске еліміздің үздік құтқарушы күштері тартылып, қостанайлықтарға Ақмола, Ақтөбе облыстарының жасақтары мен Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің Азаматтық қорғаныс полк құрамы, жалпы 107 арнайы техника мен 365 құтқарушы жәрдемдесті. Жұмыла атқарған жұмыстың нәтижесінде су тасқыны аз уақыттың ішінде тоқтатылды.

Бұл жауапты істе өңіріміздің құтқарушыларының жұмысына оң баға берілді. Таран ауданының әкімі Б.Өтеулин солтүстікқазақстандық ТЖД-нің 32 сүңгуірші-құтқарушысы мен өртсөндірушілерінің бірқатарына Алғыс хат табыстады.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp