«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЛАЛЫҚ КЛУБТАР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешені жанындағы спорт алаңында балалар мен жасөспірімдер арасында Петропавл қаласы күніне арналған спартакиада өтті. Онда 11 командадан жасақталған 200-ге жуық жеткіншек сынға түсті. 

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Екі күндік бәсекеде жеткіншектер шағын футбол алаңында жақсы ойын өрнегін көрсете білді. Құрамалардың ішінде ең мықтысы құрамында әуесқой ойыншылардан басқа, спорт мектептерінде тыңғылықты жаттығып жүрген 4 спортшы бар “Ровесник” командасы болды. Осыған дейін қанжығаларын үнемі жүлдемен майлап келген команда бұл жолы да “Достық” құрамасын 4:1 есебімен жеңді.

Сайыс қорытындысы бойынша стритболдан – “Молочники” және “Зяблики” командалары, үстел теннисінен – Виталий Исаков, Иван Петров, Артем Фомин, Ирина Горелик, Елизавета Спесивцева өз жас топтарында жеңімпаз атанды. Ал абсолюттік біріншілікте Ирина Горелик топ жарды.

Жарыс барысында көзге түскендер қала құрамасына іріктеліп, олар келер аптада өтетін республикалық спартакиадада өңірдің намысын қорғайтын болады.

Суретті түсірген автор.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp