«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДЕПУТАТТАРДЫҢ ДЕМЕУІ МОЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық мәслихаттың депутаттық корпусы Қазақстан Республикасының Президенті қойған идеялар мен стратегиялық міндеттерді іске асыруға белсене қатысуда, өздерінің сайлау округтерінде күнделікті мәселелерді шешу және тұрғындарды әлеуметтік қолдау бойынша жұмыс жүргізеді.

Осы мақсатта халық қалаулылары үлкен меценаттық қызмет атқарады, аз қамтылған отбасыларға материалдық қолдау көрсетеді, әртүрлі іс-шараларды өткізу кезінде демеушілік жасайды, балабақшалар мен мектептерге компьютерлер мен ұйымдастыру техникаларын сатып әпереді.

Мәселен, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның №13 сайлау округінен сайланған депутат Владимир Коваленко жылдан-жылға әлеуметтік саланы қолдауға қаражат бөліп отырады. Тек үстіміздегі жылғы бірінші жартыжылдықта ғана ЖОО студентінің оқуына төлеуге 300 мың теңге материалдық көмек көрсетті. Соңғы үш жылда В.Коваленко басқаратын “Раисовское” ЖШС-і елді мекендерді абаттандыруға елеулі үлес қосып, 42 мың шаршы метрге асфальт төсеп, оған 115 млн. теңге қаражат бөлді. Оның 96 млн. теңгесі – “Раисовское” ЖШС-нің есебінен. Депутат кезекті сессияда ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларына автомобиль жолдарын жөндеуге көмек көрсету туралы үндеу тастады.

Ал Мағжан Жұмабаев ауданы №8 сайлау округі бойынша сайланған облыстық мәслихаттың депутаты, “Ноғайбай” ЖШС-нің басшысы Алтынбек Сапаровтың тікелей басқаруымен Ноғайбай ауылындағы құдық жөнделді, серіктестік жұмысшыларына арналған 4 тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Облыстық мәслихаттың депутаты Сергей Леонтьев те демеушілік көмек көрсетуге белсене қатысады. Ол Петропавл қаласында әртүрлі қайырымдылық шараларын өткізуге 2,5 млн. теңгеден астам қаржы бөлген. Депутаттар – “Прометей Агро” ЖШС басшысы Ю.Шольдің, “Зенченко және К” КС директоры Г.Зенченконың ауыл жастары арасында спортты дамыту жөніндегі оң істері туралы облыстық және аудандық газет беттерінде жарияланған. Төменгі Бұрлық ауылында жабық мұз айдынын салып, ауылдастарының зор алғысына бөленіп отырған облыстық мәслихаттың депутаты С.Махметовтың бастамасын ерекше атап өту қажет.

Халық қалаулылары алғашқылардың бірі болып “Мектепке жол”, Жеңіс күні, Қарттар күнінде ардагерлерді құрметтеу, елді мекендерді, қала көшелерін абаттандыру акцияларын өткізуге атсалысып жүр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp