«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАРҚЫН ҮЛГІГЕ АЙНАЛҒАН АЗАМАТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Ауылды көркейту – Отанымызды көркейту” деп санайды “Тайынша-Астық” ЖШС-нің директоры Анатолий Рафальский.

Анатолий Брониславович – тек ауданда, облыста ғана емес, республикамыздан тыс жерлерде де белгілі адам. Көптеген жылдар бойы Тайынша ауданының ең ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарының бірі, аудандағы аграрлық сектордың флагманы болып отырған “Тайынша-Астық” ЖШС-ін басқарып келеді. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша тамамдағаннан кейін Анатолий Брониславович өзінің таңдап алған мамандығын ауыстырған емес. Әр жылдары ол бригадир, агроном, бас агроном болып істеп, 1990 жылдан бастап “Қазэкспортастық” фирмасының “Тайынша-Астық” ЖШС-ін басқарды. Осы жылдар ішінде шын шеберлерден команда құрып алды, олар ауыл шаруашылығы өндірісінде қол жетпес биік жетістіктерге жетіп, менеджменттің жоғары стандарттарын құрды. Инновациялық жұмыс әдістеріне ұмтылу, өзіне және қол астындағыларға деген талапшылдық, мақсатқа жетуге ұмтылу, жоғары жауапкершілік деңгейі, терең білім мен тәжірибе, ұйымдастыру мүмкіндіктері сияқты жеке қасиеттері ауыл шаруашылығы саласында үлкен табыстарға қол жеткізуде үлкен рөл атқарды. Осы қасиеттерінің барлығы оған депутаттық қызметте де көмектеседі.

“Тайынша-Астық” ЖШС-і дәнді дақылдардың асыл тұқымын өсірумен, асылтұқымды және селекциялық жұмыстармен айналысады. Серіктестік тек ауыл шаруашылығы ғана емес, сонымен қатар ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымға да зор көңіл бөледі. Ясная Поляна – ауданымыздағы ең үздік ауылдардың бірі. Мұнда ауылдық Мәдениет үйі, орта мектеп заманауи талаптарға сай, мұражай қайта жөндеуден өтті, тамаша қоғамдық монша, қалалық мейрамханалардан қалыспайтын “Дастарқан” дәмханасы, дәріхана бар, сауда торабы даму үстінде.

Абаттандыру мәселесі – ясно-поляндықтар үшін бірінші орында.

Әсіресе, ауылдың орталық алаңы көз сүріндіреді, бұл маңай жылдың жайма-шуақ күндері түрлі түсті, сан алуан, көзді қызықтыратын гүлдерге толы, табиғи тастардан шағын сарқырама жасалған, көшелері түп-түзу. Ауыл орталығында ауыл шаруашылығының раритет техникалары мен автомобильдері қойылған көрме жұмыс істейді.

Әлеуметтік серіктестік қағидатына орай Зеленый Гай ауылында ЖШС-нің күшімен “Дипломмен – ауылға!” бағдарламасы бойынша ауылға жұмыс істеуге келген жас мамандар үшін 7 заманауи, қолайлы үй салынып, пайдалануға берілді.

Анатолий Брониславович қатарынан төрт шақырылымда аудандық мәслихатқа депутат болып сайланды. Осы уақыт ішінде ол өз сайлау округінің проблемаларын түбегейлі зерделеп біліп алды. Депутат ретінде өз жұмысында үнемі сайлаушылармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Қайырымдылық жасауға, мәдениетті, спортты және білімді қолдау мәселелеріне, жаңа бастамаларды өмірге енгізуге баса назар аударады.

Тайынша-Астық” ЖШС-нің негізін қалаушы оны тек барлық дағдарыстардан алып шығып қана қоймай, барынша дамытып, ірі қазақстандық компаниялар арасынан лайықты орынға жеткізді.

Анатолий Рафальский белсенді де көпжылдық қажырлы еңбегі үшін марапаттарға ие болды, солардың ішінде “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл”, “Астанаға 5 жыл” медальдары да бар.

Анатолий Брониславович сүйікті ісімен айналысқан адамның адал еңбегінің арқасында даңғыл жолға түсуінің жарқын үлгісіне айналды.

Тайынша аудандық мәслихат аппараты.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp