«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰРТШЫЛЫҚ ӨКІЛДЕРІ №2 ЖЭО-да инвестициялық бағдарламалардың орындалу барысымен танысты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Аптаның алғашқы күні “СевКазЭнерго” АҚ-ның №2 ЖЭО облыстық ТМРА департаментінің, “Атамекен одағы” ЗТБ-і, “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы және жұртшылық пен БАҚ өкілдерінің қатысуымен кәсіпорында баспасөз турын өткізді. 

Тоқтар ЗІКІРИН,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әуелі облыстық ТМРА департаментінің директоры Марат Мұстафин шараны өткізу мақсатына қысқаша түсінік бергеннен кейін, Петропавл №2 ЖЭО-ның директоры Виктор Бармин баспасөз турына қатысушыларды компанияның инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыру барысымен таныстырды, станцияның алдағы жылыту маусымына дайындығы жайында ақпарат берді.

Жиналғандар станцияның №6 және №7 қазан агрегаттарының жұмысымен танысты. Биылғы жылы қаңтар айында қайта жаңартудан кейін іске қосылған №6 қазан агрегатының қыздыру беттері толық ауыстырылып, жағу режіміне өзгеріс енгізіліп, күл ұстағыш жабдық орнатылғаннан кейін ондағы бу өнімділігі сағатына 220-270 тоннаға дейін артқан. Жобаның құны 2 696,435 млн. теңге тұрады, оның 1 683,066 млн. теңгесі шекті тарифтер арқылы, ал 1 013,369 млн. теңгесі РФ “Жинақ банкі” ЕБ АҚ-дан инвестициялық қарыз алу арқылы жүзеге асырылған.

Жаңа №7 қазандық агрегаты өткен жылы желтоқсанда іске қосылған. Қайта жаңартудың нәтижесінде оның қуаттылығы 220-270 тоннаға дейін артты. Электр қуатының өндірілуі 53-65 мВт-ға дейін өсті. Онда қоршаған ортаға эмиссиялар техникалық талаптарға сәйкес келетін болды. Сондай-ақ автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілді. Осы жобаға жұмсалған капитал салымы 2 943, 856 млн. теңгені құрады. Соның ішінде 1 947,647 млн. теңгесі шекті тарифтер және 996,209 млн. теңгесі облигациялық қарызға алу арқылы жүзеге асырылды. Қайта жаңарту арқылы шартты отын үнемделуі №6 қазандықта 3938,2 және №7 қазандықта 3715,3 тоннаны құрады.

Баспасөз турының қатысушылары пайдалануға қосылуы алдағы жылдың сәуіріне жоспарланған №8 қазандық агрегатының монтаждау жұмыстарымен танысты. Бүгінде оның 70,5 пайызы орындалған, жоспарлы құны 4698,181 млн. теңге тұрады. Мұнда да негізгі үлесі – 2961,947 млн. теңгесі шекті тарифтер арқылы, ал 1736,234 млн. теңгесі облигациялық қарыз алу арқылы шешілген. Жаңа агрегат іске қосылған кезде экологиялық және экономикалық көтеріңкі жүктеулердің кең диапазонында сенімді жұмыс істейтін болады.

Сонымен бірге №2 ЖЭО-да атқарылып жатқан ірі шаралы істің бірі – өз ресурсын тауысқан №4 турбина агрегатын Урал зауытының жаңа “Т-50/60-90” турбинасына ауыстыру жұмысы жалғасуда. Қазір жалпы жаңарту көлемінің 53,5 пайызы атқарылды. Бүгінде турбина корпусының төменгі бөлігі мен генератор статорын жобалық жағдайға жеткізу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Сонымен бірге, жоғары және төмен қысымды құбырларды, қосалқы жабдықтарды монтаждау және автоматтандырылған басқару жүйесін орнату жөніндегі жұмыстар қарқынды атқарылуда. Жаңа турбиналық агрегаттың орнатылуы, мамандардың айтуынша, жылына электр қуатын 50 мВт-ға көбейтуге және қосымша 320 млн. кВт./сағат шамасында электр қуатын өндіруге, жылу қуаттылығын 96 Гкал/сағат арттыруға мүмкіндік береді. Оның отын үнемі алып тасталған турбинаға қарағанда, бір шартты жылға 15055,4 тонна көмір құрайды.

Жаңа турбогенераторды орнату жөніндегі жұмыстарды аяқтау – осы жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған. Жобалық құны 5373 млн. теңгеден асады.

Осыларға қоса, инвестициялық бағдарлама бойынша жылу қуатын өндіруден түскен қаражат арқылы станцияның №2, 3,10,11 қазандық агрегаттарының қыздырма беттеріне ауыстыру жүргізілді. Енді компанияның жоспарында №1 және №5 турбоагрегаттарды орнату міндеті тұр. Осы турбина агрегаттарын жеткізуге Урал турбина зауытымен, сондай-ақ “ЭЛСИБ” ҒӨБ-мен турбина генераторын жеткізуге келісімшарттар жасалған. Компанияның өз қаражаты арқылы капитал салымының құны 4 818,4 млн. теңгені құрайды. Бүгінде шығарушы зауыттармен жаңақазандық агрегаттарын орнату жөнінде келіссөздер жүргізілу үстінде.

Барлық жаңғырту бағдарламасы аяқталғаннан кейін қазандық агрегаттар саны қазіргі жұмыс істеп тұрған 11 бірліктің орнына 12-ге жетеді, ал станцияның толыққан қуаттылығы 347 мВт-дан 480 мВт-ға дейін артады. Сөйтіп, бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 2015 жылға таман ескірген құрал-жабдықтардың 35-40 пайызы осызаманғы қуат үнемдегіш құрылғыларға ауыстырылатын болады.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp