«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҮЛІК ТОНАУҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері төрт мыңнан астам қылмыс жасалған. Оның бес мыңы – мүліктік қылмыс. Осыған орай өңірлік тәртіп сақшылары арнайы жиын өткізіп, қылмыстық әрекеттерді тежеудің және алдын алу мәселесімен айналысатын жекеменшік күзет құрылымдарының басшыларымен кездесті.

Өз баяндамасында облыс орталығында соңғы уақыттары мүліктік қылмыстардың белең алғандығын айтқан облыстық ІІД бастығының міндетін уақытша атқарушы, полиция полковнигі Думан Таев қолға алынған шаралардың арқасында мұндай қылмыс саны біршама төмендегенімен, әлі де түбегейлі шешілмегендігін тілге тиек етті.  

Осы орайда облыс орталығында тәртіпті реттеуге Жедел басқару орталығының сыртқы бақылау бейнекамералары зор көмек болып отырғандығын облыстық ІІД-нің мемлекеттік қызмет күзеті бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Берік Ибраев атап өтті. Оның айтуынша, Петропавл қаласы бойынша 2937 нысан бақылау орталығының назарында болса, оның 455-і қала тұрғындарының пәтерлері екен. Жаз мезгілі басталысымен полицейлер көшедегі құқық бұзушылықтардың алдын алу мен анықтау жөніндегі жұмыстарын жандандырды. Фирма-операторлардың орталықтандырылған қадағалау пульттеріне дабыл түскен жағдайда жекеменшік күзет ұйымдарының 11 жедел топ экипажы оқиға орнына жетеді.

Бүгінгі таңда Петропавл қаласында Жедел басқару орталығының 36 бейнекамерасы орнатылған. Бәрін көретін бейнекамералар арқылы полицейлер жол қозғалысы ережесін бұзудағы қылмыс пен құқық бұзушылықты ғана емес, шағын бұзақылық фактілерін де анықтайды.  

Кездесу барысында облыс орталығында орын алған мүліктік қылмыстарға сараптама жасалды. Осы камералардың арқасында талай құқық бұзушылықтар мен қылмыстар әшкереленген. Бейнекамералардың көмегімен соңғы 7 айдың ішінде 5451 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркелсе, оның 4738-і мүлік ұрлығы болған. Жалпы тіркелген қылмыстардың 70 пайызы – бөтен мүлікті ұрлау болса, 5,5 пайызы – тонаушылық, ал 0,6 пайызы – бұзақылық шабуыл жасау фактісі.

Шара соңында бейнебақылау камералары қылмыстық әрекеттерді тежеудің және алдын алудың пәрменді шараларының бірі болып табылатындығына сенімді облыс полицейлері қылмыстық әрекеттерді тежеудің және алдын алу үшін жекеменшік күзет құрылымдарын бірлесе отырып қызмет атқаруға шақырды.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp