«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСТАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық мәслихаттың депутаттары бірнеше жылдан бері тұрақты комиссиялардың көшпелі отырыстарын өткізуді дәстүрге айналдырған.

Депутаттық өкілеттіктер, азаматтар құқығы және заңдылықтарын, қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс мәселелері және халықтың денсаулығын сақтау және оны әлеуметтік қорғау, білім, мәдениет және жастар ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялардың мүшелері Шал ақын және Жамбыл аудандарында болып, көкейкесті мәселелерді қарады.

К.Мұсырман басқарған депутаттар тобы Шал ақын ауданындағы 2011-2013 жылдарға арналған облыстағы заң бұзушылықтың алдын алу бойынша Өңірлік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы мәселені қарады. Сол күні ауылдық округтер және Сергеевка қаласы әкімдерінің, мемлекеттік орган басшыларының қатысуымен заң бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы болды. “Шал ақын ауданы Ішкі істер бөлімінің шұғыл әрекеттері және оның азаматтармен, қоғамдық тәртіпті сақтауға және заң бұзушылықтың алдын алуға қатысушы ұйымдармен өзара байланысы туралы” ауданның Ішкі істер бөлімінің бастығы Н.Исин ақпарат берді.

Комиссия мүшелері елді мекендер аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша “Сарбаздар” жасағының жұмысын жандандыру, азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, жеке құрылымдарды қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді тарту жөнінде ұсыныстар жасады.

Комиссия жұмысына Шал ақын ауданының әкімі М.Омаров қатысқандықтан, көтерілген түйінді мәселелердің бірқатары отырыс барысында шешімін тапты.

Ауылдық округтерге барған кезде де депутаттар біраз жайттарды тілге тиек етті. Бұл күні олар Ыбыраев, Повозочное ауылдарына барды. Депутаттар балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, мектеп жанындағы алаңдар жұмысы сияқты мәселелерге де назар аударды.

Ал С.Кашенцева басқарған депутаттық топ Жамбыл ауданындағы мәдениет мекемелерінің жұмысымен танысты.

Бұл күні депутаттар Казанка, Майбалық, Преснов, Благовещенка, Новорыбинка ауылдық округтеріне барды. Халық қалаулылары мәдениет мекемелерінің жақсы жұмыстарын атап көрсетті. Кездесу барысында бірқатар мәселелер де анықталды, олар – білікті мамандар тапшылығы, ауыл клубтары мен кітапханаларының материалдық базасын жақсарту қажеттілігі.

Тұрақты комиссиялардың көшпелі отырыстары оң нәтижелерін беруде. Депутаттар ауыл тұрғындарымен кездесу барысында қоғамда болып жатқан үдерістердің мәні туралы түсінік береді. Олар көтерген бірде-бір мәселе назардан тыс қалмай, шешімін табуда. Халық қалаулыларының көздегені де осы.

(Ресми ақпарат).

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp