«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰРҒЫНДАР ДӘН РИЗА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Балкүміс ЫСҚАҚОВА,

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

мәслихатының хатшысы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы Жарлығымен бекітілген Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасында “Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін реформалау және дамыту төменгі деңгейден басталады – ауылдық, селолық деңгейде басқару сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды және азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерге қатысуын кеңейтеді. Біз ауылдық әкімдіктерге қосымша өкілеттіктер береміз және олардың ауылдағы ахуалға ықпалын күшейтеміз. Бұл тұжырымдама ауылдық, селолық деңгейдегі басқару сапасын арттыруға, азаматтардың жергілікті деңгейдегі мәселелерді шешуге қатысуына мүмкіндік береді”, – деп атап көрсетілген.

Сондықтан ауылдық округтердің әкімдерін сайлау мәслихаттар арқылы өткізілді, яғни аудандық депутаттар – таңдаушылар. Сайланған әкімдерге жергілікті жердегі мәселелерді шешуде халықтың рөлін арттыру сияқты қосымша өкілеттік берілген, қаржылық және экономикалық дербестігі кеңейеді.

Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының бесінші шақырылымы 14 депутаттан құралған. Олардың барлығы – тәжірибелі, жауапты да беделді адамдар. Барлық жетістіктер мен түйінді мәселелерді жақсы біледі. Тек өздерінің сайлау округіндегі ауыл өміріне ғана емес, аудан мен облыс өміріне де белсене араласады.

№6 Рузаев сайлау округінен сайланған аудандық мәслихаттың депутаты И.Овчаренко облыс делегациясы құрамында VІ “Әлемдік экономиканың теңестірілген экономикалық өсуін қамтамасыз ету” экономикалық форумына қатысты.

Аудандық мәслихат депутаттары ауылдық этномәдени бірлестіктердің жұмыс тәжірибесін зерделеу жөніндегі семинарға және “Салт-дәстүр” фестиваліне, “Жас Отан” ЖҚ облыстық филиалының есептік-сайлау конференциясына қатысты. Ол Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда өткізілді. Кестеге сай мәслихат депутаттары үнемі азаматтарды қабылдап отырады. Онда тек консультативтік қана көмек көрсетіліп қоймайды, сайлаушылардың арыз-шағымдары мен ұсыныстары қаралады.

Мәселен, “Қазақстанның 15 жылдығы” ауылының тұрғындары Қарағанды-Қостанай пойызының кесте бойынша разъезде тоқтауын қарастыруға ықпал ету туралы ұжымдық хат жолдаған. №3 локомотивтік сайлау округінен сайланған аудандық мәслихаттың депутаты, “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ Ақмола бөлімшесінің “Новоишимская” станциясының бастығы Ибрагим Шаймерденовтің арқасында 25 шілдеден бастап осы бағыттағы пойыз аталған ауылдың тұсында аз уақытқа аялдайтын болды. Ауыл тұрғындары депутаттың көмегіне дән риза. Халық қалаулыларының қоғамдық қызметінде осындай мысалдар аз емес.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp