«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАМЫН ОЙЛАП ҚАРТТАРДЫҢ…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің қазақстандық ұйымы” қоғамдық бірлестігі төралқасының мүшесі Қайрат Қанафин жұмыс бабымен облыстық ТЖД-нің құтқарушыларымен кездесті.

Қайрат Сейітұлы ең алдымен облыстық ТЖД-нің “Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің қазақстандық ұйымы” қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының атқарған жұмысымен және ардагерлердің әлеуметтік жағдайымен танысты.

Содан соң қалалық №3 арнайы өрт бөлімінде болған мейман облыстық ТЖД-нің ардагерлері ұйымының түйткілді мәселелерін талқылады. Ал содан кейін 2012 жылдың қорытындысында республика бойынша үздік өрт сөндіру құрылымы болып аталған “СПЧ-3” жеке құрамымен жолығып, қызметтері жайында сұрастырған ол өрт-техникалық орталығын тамашалады. Бір атап өтерлігі, аталмыш мұражай Қайрат Сейітұлы облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың басшысы болған кезінде ашылған болатын. Содан бері зейнеткерлік демалысқа шыққан Қайрат Қанафин бүгінде ТЖМ органдары ардагерлерінің өміріне белсене араласуда.

Кездесудің соңында Қайрат Қанафин жергілікті ардагерлер мен жас буынның сұрақтарына жауап беріп, әріптестері қозғаған мәселелер ескерусіз қалмайтындығын айтты.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp