«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

2013 ЖЫЛДЫҢ 22 АҚПАНЫНДА СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ С.С.ЕСКЕНДІРОВТІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ БАРЫСЫНДА АЗАМАТТАРДАН ТҮСКЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты облыс тұрғындарын мәселелердің орындалу барысы туралы хабардар етеді.

1. Жамбыл ауданындағы Благовещенкадан Қайранкөлге дейінгі жолды күрделі жөндеу жөнінде. Александр Анатольевич Синицын, Жамбыл ауданының тұрғыны.

Облыстық маңызы бар “КТ-32” “Пресновка-Благовещенка-Қайранкөл” автомобиль жолын күрделі жөндеу мақсатында облыстық бюджеттен ЖСҚ әзірлеуге 10 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда құжаттама дайын. Мәселені шешудің келесі кезеңінде жобаны қаржыландыру ұсынылады, өйткені жолды күрделі жөндеуге қажетті сома – 277,3 млн. теңге.

2. Юбилейная к., 9А мекенжайы бойынша 9-қабатқа ыстық су беруді жақсартуға жәрдемдесу жөнінде. Дәметкен Нәукенқызы Мәметова, Петропавл қ. тұрғыны.

Тұрғын үйді үздіксіз сумен жабдықтау мақсатында қосалқы электр стансасында алдын алу және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Юбилейная к., 9А мекенжайы бойынша орналасқан үйдің жоғары қабаттарына ыстық су беру қалпына келтірілді.  

3. Газ құбырын тарту жөнінде. Армия Әбілқайырұлы Әбілқайыров, Айыртау ауданының тұрғыны.

Үстіміздегі жылы Солтүстік Қазақстан облысын газдандырудың өңірлік сызбасы әзірленді, оған магистральды газ құбырын өткізу жоспарланған облыстың бірқатар аудандары қосылған, соның ішінде Айыртау ауданы да бар. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігіне “Тобыл-Көкшетау-Астана” магистральдық газ құбырын салу кезінде облыстың барлық елді мекендерін барынша қамту қажеттігі туралы ұсыныс жіберілді.

4. “Целинник” стадионын күрделі жөндеуге 44 млн. теңге қаражат бөлуге жәрдемдесу. Александр Викторович Борисов, Тимирязев ауданы Дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының м.а.

Стадионды күрделі жөндеу үшін құрылыс жұмыстарының негізгі түрлерін жүргізуге 25 млн. теңге қаражат бөлінді.

“Бедем” ЖШС-мен жасалған шартқа сәйкес стадионда тартан төсемінен жүгіру жолы салынды, көрермендер трибунасы мен стадионның қақпалары күрделі жөнделді.

5. Қала автожолдарында қозғалысты азайту жөнінде шара қабылдау. Галина Петровна Семенова, Петропавл қ. жолаушылар автокөлігі қауымдастығының төрайымы.

Қала автожолдарында қозғалысты (Мир, Жамбыл к.) азайту мақсатында үстіміздегі жылы М.Жұмабаев көшесін қайта қалпына келтіруге 283 млн. теңге бөлінді.

Қазіргі уақытта М.Жұмабаев көшесі (Пионерская к. – Чкалов к.) қалпына келтірілуде, сондай-ақ Чкалов к. – Ғ.Мүсірепов к. учаскесін салуға ЖСҚ әзірленуде.

Осы жұмыстарды орындау Мир және Жамбыл көшелеріндегі қозғалысты 33-35% азайтуға мүмкіндік береді.

Көлік қозғалысын азайту үшін Жамбыл және Мир к. жекелеген учаскелерінде оң жаққа бұру қосымша жолағын салумен Жамбыл-Букетов, Мир-Абай к. қиылыстары қалпына келтірілді.

6. Бау-бақша серіктестіктерін электрмен жабдықтауды, сумен қамтамасыз етуді қалпына келтіру және оларға апарар жолды жөндеу жөнінде қолдау көрсету. Виктор Григорьевич Ельцов, “Голубой берег” бау-бақша серіктестігінің төрағасы.

Бау-бақша серіктестіктерін қолдау мақсатында бау-бақша серіктестіктерін электрмен жабдықтауды, сумен қамтамасыз етуді қалпына келтіру және оларға кіреберіс жолды абаттандыру жөніндегі 2012-2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленген.

Үстіміздегі жылы “Южный” субұрғышының ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды, “Новинка” бау-бақша серіктестігіне электрмен жабдықтау желісін салуға, бау-бақша серіктестіктеріне кіреберіс жолдарды жөндеуге 12 бағыт бойынша 22,8 млн. теңге бөлінді.

Бүгінгі күні 12 бау-бақша серіктестігіне кіреберіс жолдар жөнделді, сондай-ақ “Южный” субұрғышын жөндеу және “Новинка” бау-бақша серіктестігіне электрмен жабдықтау желісін салу жұмыстары жүріп жатыр.

5 бау-бақша серіктестігін (“Тихая заводь”, “Весна-Кировец-3”, “Строитель”, “Сатурн”, “Ренет”) электр энергиясымен қамтамасыз ететін жоғары вольтты желіні күрделі жөндеуге, “Дружба” және “Энергетик-2” саяжай кооперативтеріне желі салуға ЖСҚ жасалуда.

7. Қаланың қоғамдық көліктерінде қарттар мен мүгедектерге жеңілдікпен жол жүруге жәрдем көрсету. Дәметкен Нәукенқызы Мәметова, Петропавл қ. тұрғыны.

Үстіміздегі жылы “СҚО Автокөлік одағы” қауымдастығы бірлестігінің шешімімен ардагерлер мен мүгедектер қоғамдық бірлестігінің мұқтаж мүшелеріне бір жылға 750 тегін жол жүру билеттері берілді. Қаланың тасымалдаушылары “Мүгедек ата-аналар және балалар қоғамы” мүгедектер қоғамдық бірлестігіне қосымша 17 жеңілдетілген жол жүру билетін бөлді.

Сонымен қатар қала әкімдігінің автокөлік кәсіпорындары басшыларымен келісімі бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, сондай-ақ жасы 80-нен асқан қала тұрғындары қаланың қоғамдық көліктерінің барлық түрінде тегін жүреді.

8. “Ұрпақ қоры” бағдарламасын жалғастыру және көпбалалы отбасыларға көмек көрсету. Петропавл қ. тұрғыны.

2013 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бала тууды ынталандыру жүйесін жетілдіру туралы хат жолданды.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Үкіметі орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар деңгейінде шешуді талап ететін ұсыныстар мен мәселелерді іске асыру жөніндегі 2013 жылға арналған іс-шаралар жоспарының жобасын әзірледі. Аталмыш жоспардың 80-тармағында елдің солтүстік және басқа да өңірлері үшін бала тууды ынталандыру жөнінде бағдарлама әзірлеу қарастырылған.

Облыс әкімінің аппараты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp