«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕКЕТТІҢ ЖЫЛЫЖАЙЫНДА бәрі де жайқалып тұр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Қиырдағы Кішкенекөл ауылында тұратын Бекет Баймұхамбетов – сауда-саттық саласына ден қойған кәсіпкер. Бірнеше сауда орталығын ашып, отбасылық кәсіп етіп жүрген ол биыл еңбектің жаңа жолына бетбұрыс жасаған. Өзінің еңбеккерлігін басқа бағытта да оп-оңай дәлелдей білген адамды отбасы ғана емес, ортасы да құрмет тұтары сөзсіз. Ол өткен жылы “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы бойынша 2 миллион теңге несие алып, оған өзінің 1 миллион теңге үлесін қосып, Қызылжар ауданындағы Бәйтерек ауылынан екі үлкен жылыжай сатып алады да, бағбан болып шыға келеді.

“Баймұхамбетов” жеке кәсіпкерлігі биылғы көктемде 300 шаршы метрлік екі жылыжайға 640 түп қияр және 500 түп қызанақтың көшетін отырғызып, маусым айының соңында одан өнім ала бастаған. Оны дүкендеріне саудаға шығарып, өз тұтынушыларының қатарын көбейткен. Химиялық тыңайтқыштар пайдаланбай өсірілген көкөністердің дәмі жұртшылықтың көңілінен шығуда. Бастамасы оң нәтиже бере бастағанын ұққан кәсіпкер тағы бір жылыжайдың құрылысын өз жобасы бойынша салып алмақшы. Ол жартылай карбонат пластиктен жасалатын жылыжай қыстың қырауына дейін өнім береді, дейді. Алпыстың асқарына жеткен кәсіпкер өз еңбегін әрі қарай ұлы Әділбек жалғастырады деген сенімде.

– Мен әкемнің көп жұмысқа епті екенін білетінмін. Бірақ бау-бақша оның сүйікті ісі болады деп ойламаппын. Таңғы 5-те әкемді үйден таба алмайсың. Жылыжайдың ішінде жүреді. Оның гүлді қалай баптап өсіретінін көрсеңіз?! Біз оның еңбексүйгіштігіне таңғаламыз. Әкемнен көп нәрсені үйренуге болады, – дейді Әділбек Бекетұлы.

СУРЕТТЕ: Әділбек әке кәсібін үйрену үстінде.

Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp