«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖИНАҚ ЖҮЙЕСІНЕ – 10 ЖЫЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүл БАЯНДИНА,

“Қазақстанның тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі” АҚ баспасөз хатшысы.

Қазақстанда 2003 жылдың 10 шілдесінде тұрғын-үй құрылыс жинақ жүйесінің алғашқы банкі тіркелді. “Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі” АҚ (ҚТҚЖБ) 10 жылдың ішінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді, мыңдаған отбасылары тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы өздерінің баспана жағдайларын жақсартты.

Банкте 2013 жылдың 1 шілдедегі көрсеткіштерге сәйкес тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі туралы 425 523 мың келісімшарт жасалып, олар бойынша келісілген сома мөлшері 883,3 млрд. теңгені құрады. Банктің депозиттік базасы – 163,2 млрд. теңге. Екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) арасында салымшылардың үлесі бойынша ҚТҚЖБ 8-орында. Тұрғындардың ұзақмерзімді салымдарының үлесі бойынша банк үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанынан бастап 1-орынды иемденді.

Банктің несиелік қоржыны 125,4 млрд. теңгені құрады. Жалпы банк қызметі басталғалы 173,6 млрд. теңгеге 52 338 несие берілді. ЕДБ құрылыс пен баспананы сатып алу үшін берілген несие көлемі бойынша банктің үлесі (теңгелік)12,9% құрады.

Банктің несиелік қоржын сапасы ЕДБ арасында алдыңғы орындардың бірінде. ҚР Ұлттық банктің деректері бойынша 90 күннен артық төленбеген несиелердің үлесі ЕДБ орташа көрсеткіші 30,37% болса, ҚТҚЖБ-ның үлесі 1,1%-ды құрады.

2013 жылғы 1 шілдедегі жағдайы бойынша банк активі 323,4 млрд. теңгеге жетті. Банктің жеке капитал мөлшері нарықтағы екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) арасында 12-орында. ЕДБ арасында ҚТҚЖБ меншікті капитал көлемі жағынан 4-орында.

Қазақстан аумағы бойынша ҚТҚЖБ өзінің 17 филиалы мен 15 қызмет орталықтарымен танылып отыр.

“Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі” АҚ – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қағидаларын жүзеге асырып отырған бірден-бір қаржы институты. Банкте салымдарды жинақтау шарттары орындалған жағдайда (ең төменгі жинақтау мерзімі – 3 жыл, бағалау көрсеткішіне қол жеткізілгенде, келісімшарт бойынша көрсетілген соманың жартысы жинақталғанда) жылдық 3,5%-5% тиімді мөлшерлемемен (жылдық тиімді ставкалары 4%-дан бастап 6,2%) тұрғын үй заемдары беріледі.

Егер салымдарды жинақтау мерзімі өтіп кетпегенде немесе толық жинақталмаған жағдайда кенеттен несие қажет болса, банктен алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын алуға болады. Аралық тұрғын үй заемының (жылдық тиімді мөлшерлемесі 8,9%) жылдық теңгелік сыйлықақы мөлшерлемесі 7,5%-8,5%-ды құрайды. Ал алдын ала тұрғын үй заемдары (жылдық тиімді мөлшерлемесі 11,4%) бойынша теңгелік сыйлықақы мөлшерлемесі 9,5%-10%-ды құрайды.

Банк “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасының екі бағыты бойынша операторы болып табылады: “Барлық санаттағы тұрғындарға арналған”, “Жас отбасыларға арналған”. “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасы аясында бағдарламаның қосымша талаптарына сай келетін бағдарламаға қатысушылардың бюджеттік қаржы есебінен алдын ала, аралық тұрғын үй заемдарын алуы қарастырылған. Онда аралық тұрғын үй заемы (жылдық тиімді ставкасы 7,2%) бойынша жылдық теңгелік сыйақы мөлшерлемесі 6,5%-7%-ды құраса, алдын ала тұрғын үй заемының (жылдық тиімді ставкасы 8,3%) жылдық теңгелік ставкасы 8 деңгейінде.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp