«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ АДАМНЫҢ АЖАЛЫ СУДАН БОЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері 30 солтүстікқазақстандық су құрбаны болды. Оның бесеуі – балалар. Облыстық ТЖД-нің сүңгуірші құтқарушылары 104 адамды құтқарса, оның 34-і – бала.

Жаз маусымы аяқталуға жақындағанымен, су құрбандары болғандардың саны азаяр емес. Атап айтқанда, Петропавл қаласында 31 жастағы азамат белгісіз жағдайда қазан шұңқырдағы суға батып кетті. Оның мәйітін облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің мамандары шығарып алды.  

Ал Уәлиханов ауданындағы Сілеті өзенінде 54 жастағы ер адам суға кетті.

Тіркелген төтенше жағдайлардың көбі Есіл өзенінде орын алды. Өткен аптада суға бата бастаған 5 облыс тұрғыны құтқарылды. Сүңгуірші құтқарушылардың көмегімен қала жағажайында суға түсу барысында матрасы аударылып, су түбіне кете жаздаған екі азамат өлім аузынан қалды. Ал қалған оқиғалар “Учитель” саяжай қоғамы мен Былғары зауыты шағынауданының аумағында орын алды. Есіл өзенінің жағалауында кезекшілікте жүрген құтқарушылар су түбіне кете жаздағандарға дер кезінде көмек қолын созып, арашалады.

Құтқарушы мамандар терең және ағысы қатты жерлерде суға түспеуді, кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp