«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮНДЕ ТЕНТІРЕГЕН 256 БАЛА ҰСТАЛЫП, оларға әкімшілік хаттамалар толтырылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тамыздың 18-інен бастап солтүстікқазақстандық полицейлер “Түнгі қаладағы балалар” жеделалдын алу іс-шарасын жүргізуде.

Бұл шара барысында жергілікті тәртіп сақшылары басқа да құзыретті мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, қадағалаусыз және қаңғыбас тірлік кешіп жүрген кәмелетке толмаған балаларды анықтау, кәмелет жасқа толмағандар арасында жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысын қызу жүргізу үстінде.

Жаңа оқу жылы қарсаңында қолға алынған жеделалдын алу шарасы барысында полиция қызметкерлері облыс орталығындағы түнгі сауық құру орындарына рейд өткізді. Бұл күндері компьютерлік клубтар және жасөспірімдер шоғырланатын басқа да орындар кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша инспекторлардың қатаң бақылауына алынды. Сонымен қатар түнгі сағат он бірден кейін көше қыдырғыш кәмелеттік жасқа толмағандар іздестірілді.

Нәтижесінде қараусыз балалардың дені тұрмысы төмен отбасылардан екені белгілі болды. Ақпаратқа сүйенсек, кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі жөніндегі бөлімнің қызметкерлері мемлекеттік органдармен бірлесіп өткізген рейд барысында түнде ересектердің қадағалауынсыз жүрген 256 жасөспірім ұсталды. Қолға түскендердің 164-і әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген болса, 6 жасөспірімнің қылмыс жасағандығы анықталған.  

“Түнгі қаладағы балалар” жеделалдын алу шарасының барысында солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары 98 жасөспірімді әкімшілік жауапқа тартты. Оның 10-ы спирттік ішімдік ішкендері үшін жазаланды.

Рейд барысында ересектер арасында жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысы да ұмыт қалмады. Екі күн ішінде солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары облыс орталығының 287 тұрғынын әкімшілік жауапқа тартты.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp