«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУДАНДАРДАҒЫ ЖАЛАҚЫ ЖАЙЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2013 жылғы шілде айында Солтүстік Қазақстан облысында бір еңбеккердің орташа айлық атаулы жалақысы 79 338 теңгені құрап, 2012 жылғы шілде айымен салыстырғанда 10,7%-ға өсті, нақты көріністе 4,8%-ға кеміді.

Облыс аудандары ішінде барынша жоғары жалақы – Ғабит Мүсірепов атындағы (75 879 теңге) және Қызылжар (72731 теңге) аудандарында. Уәлиханов (70 067 теңге) және Мамлют (67 501 теңге) аудандарында біршама төмен.

Облыс аудандары бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығында барынша жоғары еңбекақы Уәлиханов (72 001 теңге), Мамлют ауданының (71 560 теңге) жұмыскерлерінің еншісінде. Өнеркәсіпте барынша жоғары төлемақы Шал ақын (96 766 теңге) және Ғабит Мүсірепов атындағы (84 608 теңге) аудандарда.

Солтүстік өңірдегі облыстар бойынша 2013 жылғы шілде айындағы еңбекақы төмендегідей: Ақмолада – 81 793 теңге, Қостанайда – 85 445, Павлодарда – 97 825 теңге.

  
Облыстық Статистика департаменті. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp