«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕПТЕП КӨБЕЙЕ БАСТАДЫҚ…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2013 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыс тұрғындарының саны 578,1 мың адамды құрады, оның ішінде 240,5 мың адам (41,6%) қалалық жерде, 337,6 мың адам (58,4%) ауылдық жерде тұрады.

2013 жылдың бірінші жартыжылдығында халықтың табиғи өсімі байқалып отыр, яғни өлгендер санынан туғандар саны басым. Халықтың табиғи өсімі 162 адамды құрады.

2013 жылғы қаңтар-маусымда 4111 жаңа туған сәби тіркелген. Туғандардың 2126-сы – ұл және 1985-і – қыз. Барлық туғандардың 1585-і (38,6%) – облыс орталығы Петропавл қаласында туғандар.

Облыс бойынша туушылықтың ең жоғары көрсеткіші Ақжар (1000 адамға шаққанда 16,8 сәбиден), Уәлиханов (16,2) ауданына және Петропавл қаласына (15,4) келеді. Туушылықтың ең төмен көрсеткіштері Мағжан Жұмабаев (1000 адамға шаққанда 10,3 сәбиден) ауданында.

2013 жылдың алты айында өлгендер санын 2012 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырсақ, 1% қысқарған. Облыс бойынша өлім-жітім коэффициенті 13,8 промиллені құрады.

2013 жылғы қаңтар-маусымда 1917 неке тіркелген немесе 1000 адамға шаққанда 6,7 келеді. Өткен жылмен салыстырғанда 2,4% кем тіркелген.

2013 жылғы қаңтар-маусымда 968 неке бұзылған, ол өткен жылғы көрсеткіштен 2,1% жоғары.

Ажырасқан жұптардың 59,6%-ы – қалалық жерде тұратындар. Ауылдық отбасылар орнықтылау келеді.

Облыстық Статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp