«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТЫҢ ҚАҢТАР-ШІЛДЕДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2013 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 5,2%-ға, ауыл шаруашылығы – 5,8%-ға, бөлшек сауда 32,5%-ға өсті.

2013 жылғы қаңтар-шілдеде облыстың өндірістік кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар мен үй шаруашылығын қоса есептегенде) қолданыстағы бағамен 80,4 млрд. теңгенің өнімін өндірді.

Өнеркәсіп өндірісі құрылымында 73,8% алатын өңдеу өнеркәсібінде 59,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілді немесе 2012 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 5,7%-ға артық болды.

2012 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда азық-түлік өндірісі 1,8%-ға өсті. Өңделген сұйық сүт және кілегей өндіру – 73,3%-ға, ет және азықтық ет өнімдері – 19,4%-ға, үй құсының еті – 48,5%-ға, жаңа піскен нан өндірісі 6,5%-ға артқан.

Жиһаз өндіру 1,5 есе, металлургиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру 35,6%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдар – 16,4%-ға, машина жасау өнімдер өндірісі – 12,4%-ға, фармацевтикалық өнімдер өндірісі – 12,3%-ға, химиялық өнімдер өндірісі 9,6%-ға артқан. Ерлердің киімін өндіру – 2,9 есе, асүй жиһаздары 2,2 есе өсті.

2013 жылғы қаңтар-шілдеде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 41,8 млрд. теңгені құрады (2012 жылғы қаңтар-шілдедегіден 5,8%-ға артық). Мал мен құстың барлық түрлерінің тірідей салмақта союға 44,9 мың тонна өткізілген (2012 жылғы қаңтар-шілдедегіден 5%-ға артық), 273,2 мың тонна сиыр сүті сауылған (5,6%-ға), 294,3 млн. дана (13,1%-ға) тауық жұмыртқасы алынған.

Барлық меншік түрінің құрылыс-монтаждық ұйымдарының өз күшімен 11,5 млрд. теңгенің мердігерлік жұмыстары орындалды (2012 жылғы қаңтар-шілдедегіден 14,9%-ға артық). 2013 жылғы қаңтар-шілдеде жаңа 261 ғимараттың құрылысы аяқталды, олардан 250-і – тұрғын және 11-і – тұрғын емес мақсаттағы.

2013 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 41,1 млрд. теңгені құрады (2012 жылғы қаңтар-шілдедегіден 19,1%-ға артық). Негізгі капиталға инвестиция көзінің 70,5%-ы шаруашылық жүргізетін субъектілердің өзіндік қаражаты болып табылады, қарыз қаражатына – 7,7%, бюджеттік қаражатқа – 21,7%, шетелдік қаражатқа – 0,1% келеді. Ауыл, орман және балық шаруашылығы (жалпы инвестиция көлемінің 49,8%), өнеркәсіп (15,6%), көлік және қоймалау (14,8%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (7,4%), ақпарат және байланыс (4,5%) негізгі капиталға инвестиция салу бойынша басым салалар болып табылады.

Тұрғын үй құрылысына 2 962,1 млн. теңге жұмсалды (2012 жылғы қаңтар-шілдедегіден 1,4 есе артық). Облыс аумағында тұрғындармен және кәсіпорындармен жалпы көлемі 30058 шаршы метр тұрғын үй енгізілді (2012 жылғы қаңтар-шілдеге 106,9%).

2013 жылғы қаңтар-шілдеде тасымалдаушылардың барлық санаттары 27,1 млн. тонна жүк (2012 жылғы қаңтар-шілдедегіден 8%-ға артық) және 281,7 млн. жолаушы тасымалдады (2012 жылғы қаңтар-шілдеге 104,6%).

2013 жылғы қаңтар-шілдедегі бөлшек сауда көлемі 59 млрд. теңгені құрап, 2012 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 32,5%-ға өсті, көтерме сауда – 156,3 млрд. теңгені құрады (19,3%-ға). Талданып отырған кезеңде қоғамдық тамақтандыру қызметінің көлемі 1,4 млрд. теңгені (6,3% артық) құрады.

Облыстық Статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp