«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының хабары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2013 жылғы 19 тамызда облыстық сайлау комиссиясының мәжілісі өткізіліп, онда мынадай мәселелер қаралды:

1. Шығып қалғандардың орнына Солтүстік Қазақстан облыстық, Петропавл қалалық, Ақжар және Тимирязев аудандық мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізу туралы.

2. Шығып қалғандардың орнына Солтүстік Қазақстан облыстық, Петропавл қалалық, Ақжар және Тимирязев аудандық мәслихаттар депутаттарының сайлауына әзірлік және оны өткізу жөніндегі облыстық сайлау комиссиясының негізгі шараларының жұмыс жоспары және күнтізбелік жоспары туралы.

3. Солтүстік Қазақстан облыстық, Петропавл қалалық, Ақжар, Ғ.Мүсірепов атындағы, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов аудандық, тиісінше округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары мен тұрған орындарын нақтылау туралы.

4. Шығып қалғандардың орнына Солтүстік Қазақстан облыстық, Петропавл қалалық, Ақжар және Тимирязев аудандық мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөніндегі сайлау құжаттарының нышандары мен үлгілері туралы.

Басқа да мәселелер қаралды.

Барлық мәселелер бойынша тиісінше қаулылар қабылданды.

Облыстық сайлау комиссиясы.

Шығып қалғандардың орнына Солтүстік Қазақстан облыстық, Петропавл қалалық, Ақжар және Тимирязев аудандық мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізу туралы


“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 101-бабының 4-тармағы, 113-бабы негізінде облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шығып қалғандардың орнына Солтүстік Қазақстан облыстық, Петропавл қалалық, Ақжар және Тимирязев аудандық мәслихаттар депутаттарының сайлауы 2013 жылғы 27 қазанда өткізілсін.

Шығып қалғандардың орнына Солтүстік Қазақстан облыстық, Петропавл қалалық, Ақжар және Тимирязев аудандық мәслихаттар депутаттығына үміткерлерді ұсыну 2013 жылғы 28 тамызда басталады және 2013 жылғы 26 қыркүйекте аяқталады.

Шығып қалғандардың орнына Солтүстік Қазақстан облыстық, Петропавл қалалық, Ақжар және Тимирязев аудандық мәслихаттар депутаттығына үміткерлерді тіркеу 2013 жылғы 28 тамызда басталады және 2013 жылғы 1 қазанда аяқталады.

2. Петропавл қалалық, Ақжар, Ғ.Мүсірепов атындағы, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов аудандық сайлау комиссиялары сайлау шараларын 2012 жылғы 15 қаңтардағы мәслихаттар депутаттарының сайлауы өткізілген сайлау округтерінің нақ сол шекарасында, нақ сол сайлау учаскелерінде жүргізсін. Қажет болған жағдайда сайлаушылардың тізімдеріне өзгерістер мен нақтылау енгізілсін.

3. Петропавл қалалық, Ақжар, Ғ.Мүсірепов атындағы, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов аудандық сайлау комиссияларының төрағалары сайлау шараларын жүргізуді “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген ережелерге сәйкес қамтамасыз етсін.

Шығып қалғандардың орнына Солтүстік Қазақстан облыстық, Петропавл қалалық, Ақжар және Тимирязев аудандық мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізу және тағайындау туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында хабардар етілсін.

4. Осы қаулы облыстық “Солтүстік Қазақстан” және “Северный Казахстан” газеттерінде жариялансын.

5. Шығып қалғандардың орнына Солтүстік Қазақстан облыстық, Петропавл қалалық, Ақжар және Тимирязев аудандық мәслихаттар депутаттарының сайлауына әзірлік және оны өткізуді қамтамасыз ету үшін осы қаулы Петропавл қалалық, Ақжар, Ғ.Мүсірепов атындағы, Тайынша, Тимирязев және Уәлиханов аудандық сайлау комиссияларына жіберілсін.

А.САҚЫПКЕРЕЕВ,

облыстық сайлау комиссиясының төрағасы.

Петропавл қ.

2013 жылғы 19 қазан, №40/01

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 13-бабының 4-тармағына және 15-бабының 3-тармағына сәйкес облыстық сайлау комиссиясы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарының сайлауы жөніндегі облыстық және округтік №3, №14, №18 сайлау комиссияларының құрамын жариялайды.

Облыстық сайлау комиссиясының құрамы

Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы

Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38-үй, 2-қабат, №41, 42,43-бөлмелер, тел./факс 46-67-63, 36-55-44.

Төраға – Асқар Жоламанұлы Сақыпкереев

Төрағаның орынбасары – Сергей Васильевич Калинин

Хатшы – Евгений Владимирович Мамыкин

Комиссия мүшелері:

Лариса Болеславовна Гордеева

Бейбіт Қайыркешұлы Исманов

Жасұлан Кенжебайұлы Қазбеков

Бейбіт Жылкелдіұлы Мұқанов.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарының сайлауы жөніндегі №3 округтік сайлау комиссиясының құрамы

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарының сайлауы жөніндегі №3 округтік сайлау комиссиясы

Ақжар ауданы Талшық а., Целинная к.,13 а, тел./факс 8 (71546) 2-17-43, 2-10-43, 2-16-08.

Төраға – Сайрамбек Кәрібайұлы Жақыпов

Төрағаның орынбасары – Мағжан Рамазанұлы Жүсіпбеков

Хатшы – Гүлжиян Қорғанбекқызы Исабекова

Комиссия мүшелері:

Ирина Алексеевна Бескаравайная

Әсем Қаптайқызы Бижігітова

Молдабай Жәкенұлы Мәлгаждаров

Мұратбек Нұғыманұлы Мұқанов

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарының сайлауы жөніндегі №14 округтік сайлау комиссиясының құрамы

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарының сайлауы жөніндегі №14 округтік сайлау комиссиясы

Ғ.Мүсірепов атындағы аудан, Рузаевка а., Каримов к., 150, тел./факс 8 (71535) 3-23-18

Төраға – Виталий Петрович Чичкань

Төрағаның орынбасары – Евгений Николаевич Дубов

Хатшы – Марина Александровна Винник

Комиссия мүшелері

Тоғжан Жараспаева

Наталья Васильевна Мельник

Ольга Сергеевна Михайлова

Тамара Николаевна Шевченко

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарының сайлауы жөніндегі №18 округтік сайлау комиссиясының құрамы

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарының сайлауы жөніндегі №18 округтік сайлау комиссиясы

Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл а., Уәлиханов к., 85, тел./факс 8(71542) 2-19-08

Төраға – Сағдат Қарапұлы Әмірханов

Төрағаның орынбасары – Сымбат Еркінқызы Шегебаева

Хатшы – Сәуле Досымқызы Сейпілова

Комиссия мүшелері:

Серік Абайұлы Бейсенов

Майра Оқапқызы Нығметова

Айнагүл Қажымұратқызы Омбаева

Зайра Сағындыққызы Тастыбаева

Облыстық сайлау комиссиясы.

Шығып қалғандардың орнына Солтүстік Қазақстан облыстық, Петропавл қалалық, Ақжар,

Тимирязев аудандық мәслихаттар депутаттарының 2013 жылғы 27 қазанға тағайындалған

сайлауын өткізу жөніндегі облыстық сайлау комиссиясының негізгі шараларының

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

1. №3, №4 және №18 сайлау округтері бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатқа, №15, №1 және №2 сайлау округтері бойынша тиісінше Петропавл қалалық, Ақжар және Тимирязев аудандық мәслихаттарға депутаттыққа кандидаттар ұсыну.

Жергілікті қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдары, сол сияқты олардың құрылымдық

бөлімшелері және азаматтар – өзін-өзі ұсыну жолымен. 2013 жылғы 28 тамызда басталады және

26 қыркүйекте аяқталады.

(103-бап).

2. Сайлау округтерінің шекарасын және округтік сайлау комиссияларының тұрған орнын көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Солтүстік Қазақстан облыстық, Петропавл қалалық, Ақжар, Ғ.Мүсірепов атындағы, Тайынша, Тимирязев және Уәлиханов аудандық сайлау комиссиялары.

2013 жылғы 26 тамыздан кешіктірмей.

(22-бап)

3. Облыстық, қалалық, аудандық, округтік сайлау комиссиялары құрамдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Солтүстік Қазақстан облыстық, Петропавл қалалық, Ақжар, Ғ.Мүсірепов атындағы, Тайынша, Тимирязев және Уәлиханов аудандық комиссиялары.

2013 жылғы 26 тамыздан кешіктірмей.

(13,15-баптар)

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Петропавл қалалық, Ақжар, Ғ.Мүсірепов атындағы, Тайынша, Тимирязев және Уәлиханов аудандық комиссиялары.

2013 жылғы 26 тамыздан кешіктірмей.

(17-бап)

5. Сайлау учаскелері шекаралары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Ақжар, Ғ.Мүсірепов атындағы, Тайынша, Тимирязев және Уәлиханов аудандарының және Петропавл қаласының әкімдері.

Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күннің ішінде – 2013 жылғы 26 тамыздан кешіктірмей.

(23-бап)

6. Сайлаушылар тізімдерін жасау. Петропавл қаласының, Ақжар, Ғ.Мүсірепов атындағы, Тайынша, Тимирязев және Уәлиханов аудандары ауылдық округтерінің әкімдері аппараттары тұрғындар есебін жүргізетін органдар беретін деректер негізінде.

(24-бап)

7. Тиісті сайлау комиссиясына акт бойынша сайлаушылар тізімдерін тапсыру.

Петропавл қаласының әкімі, Ақжар, Ғ.Мүсірепов атындағы, Тайынша, Тимирязев және Уәлиханов аудандары ауылдық округтерінің әкімдері. Дауыс беру басталғаннан жиырма күн бұрын – 2013 жылғы 6 қазаннан кешіктірмей.

(24-бап, 5-тар.)

8. Ұсыну туралы шешімді мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттың назарына жеткізу.

Қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдары, олардың құрылымдық бөлімшелері.

(103-бап, 3-тар., 1-т.ш.)

9. Мәслихат депутаттығына кандидаттыққа ұсыну туралы шешімді кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге округтік сайлау комисиясына тапсыру.

Қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдары, олардың құрылымдық бөлімшелері, депутаттыққа кандидаттар.

(103-бап, 3-тар., 2-т.ш.)

10. Мәслихат депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.

Округтік сайлау комисиялары. Азаматтың өзін-өзі ұсынуы туралы өтініш берген немесе кандидатты ұсыну туралы кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге қоғамдық бірлестіктің жоғары органының мәжіліс хаттамасынан көшірме тапсырған сәттен бастап үш күн ішінде.

(103-бап, 8-тар.)

11. Тұрғылықты жерлері бойынша салық органдарына Қазақстан Республикасының өкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіпте және түрде 2013 жылдың 1 тамызына дейінгі кірістері және мүліктері жайында декларация тапсыру.

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы) кандидат тіркелгенге дейін.

(104-бап, 1-тар., 1-1 т.ш.)

12. Солтүстік Қазақстан облыстық, Петропавл қалалық, Ақжар және Тимирязев аудандық мәслихаттарға депутаттыққа кандидаттарды тіркеу және әрқайсысына тиісті куәліктерін беру.

Округтік сайлау комиссиялары. 2013 жылғы 28 тамызда басталады және сайлау күнінен жиырма бес күн бұрын – 2013 жылғы 1 қазанда аяқталады.

(104-бап, 8-тар.)

13. Мәслихат депутаттығына кандидатты тіркеу туралы хаттама жасау және оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясына тапсыру.

Округтік сайлау комиссиялары. Бес күннің ішінде.

(104-бап, 5-тар.)

14. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар тіркеу туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Округтік сайлау комиссиялары. Кандидаттар тіркелгеннен кейін жеті күннен кешіктірмей.

(104-бап, 6-тар.)

15. Кандидат және оның зайыбы (жұбайы) декларация жасаған кірістері және мүліктері жайында деректердің анықтығын тексеру.

Салық қызметі органдары. Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде.

(104-бап, 1-тар., 1-1 т.ш.)

16. Округтік сайлау комиссияларында сайлау қорларын тіркеу.

Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар, олардың сенімді тұлғалары. Кандидаттың тиісті округтік сайлау комиссияларына өтініш берген сәтінен бастап бір күнтізбелік күн ішінде (Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы 19.08.2010 ж. №7/8).

(34-бап, 2-тар.)

17. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларының арнайы уақытша шоттарын ашу.

Округтік сайлау комиссиялары.

Кандидат тіркелгеннен кейін.

(34-бап, 6-тар.)

18. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сенімді тұлғаларын тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру.

Округтік сайлау комиссиялары. Тіркеу үшін сенімді тұлғалар тізімін берген сәтінен бастап.

(31-бап)

19. Сайлауалды үгіт.

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәтінен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (2013 жылғы 2 қазанда басталады және 2013 жылғы 25 қазанда 24 сағатта аяқталады).

(27-бап, 2-тар.)

20. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын анықтау және оларды жарақтандыру.

Жергілікті атқарушы органдар

және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.

Сайлау тағайындалған күннен бастап,

сайлауалды үгіт басталғанға дейін.

(28-бап, 6-тар.)

21. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй-жай беру.

Бөлінген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Жергілікті атқарушы және тиісті

аумақтық сайлау комиссиялары.

Сайлауалды үгітке әзірлік және

сайлауалды үгіт жүргізу кезінде.

(28-бап, 4-тар.)

22. Сайлаушыларға танысу үшін сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізімін ұсыну.

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беруден он бес күн

бұрын – 2013 жылғы 11 қазаннан кешіктірмей.

(26-бап, 1-тар.)

23. Сайлаушыларды дауыс беретін уақыт пен орын туралы хабардар ету.

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беруден он күн бұрын – 2013 жылғы

16 қазаннан кешіктірмей.

(38-бап, 2-тар.)

24. Учаскелік сайлау комиссияларына сайлау бюллетеньдерін жеткізу.

Тиісті аудандық және

қалалық сайлау комиссиялары.

Кем дегенде сайлаудан бір күн бұрын – 2013 жылғы 25 қазаннан кешіктірмей.

(37-бап, 3-тар)

25. Дауыс беру үшін сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттаманы толтыру.

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беруден бір сағат бұрын.

(2013 жылғы 27 қазанда жергілікті

уақыт бойынша 6.00 сағатта).

(40-бап).

.

26. Дауыс беруді өткізу.

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Сайлау күні 2013 жылғы 27 қазан, дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша 7.00 сағаттан 20.00-ге дейін.

(38-бап, 1-тар, 42-бап.)

27. Сайлау учаскесінде дауыс санау және дауыс санау туралы хаттама толтыру.

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беру уақыты өзгермесе, жергілікті уақыт бойынша 20.00 сағатта басталады.

(43-бап.)

28. Хаттаманың көшірмесін жұртшылықтың танысуы үшін сайлау учаскесінің үй-жайындағы арнайы белгіленген орынға ілу.

Учаскелік сайлау комиссиясы.

Дауыс санау аяқталғаннан кейін – дереу.

(43-бап, 8-тар.)

29. Дауыс берудің қорытындысы туралы хаттаманы округтік сайлау комиссиясына беру.

Учаскелік сайлау комиссиясы.

Дауыс санау аяқталғаннан кейін – дереу.

(43-бап, 8-тар. 108-бап, 1-тар.)

30. Сайлау округі бойынша мәслихат депутатын сайлау нәтижелерін анықтау, тиісті хаттама толтыру және оны тиісті қалалық және аудандық сайлау комиссияларына беру.

Округтік сайлау комиссиялары.

Сайлау өткеннен кейін екі күннен аспайтын мерзімде – 2013 жылғы 28 қазаннан кешіктірмей.

(108-бап, 2-тар.)

31. Округ бойынша сайлаудың нәтижесі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялау.

Округтік сайлау комиссиялары.

(16-бап, 9-тар.)

32. Мәслихат депутаты сайлауының қорытындысын анықтау.

Солтүстік Қазақстан облыстық, Петропавл

қалалық, Ақжар және Тимирязев аудандық сайлау

комиссиялары.

Сайлау өткеннен кейін бес күннен аспайтын мерзімде – 2013 жылғы 31 қазаннан кешіктірмей.

(111-бап.1-тар.)

33. Мәслихат депутаты сайлауының қорытындысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Солтүстік Қазақстан облыстық, Петропавл қалалық, Ақжар және Тимирязев аудандық сайлау

комиссиялары.

Сайлау өткеннен кейін жеті күннен аспайтын мерзімде – 2013 жылғы 2 қарашадан кешіктірмей.

(44-бап, 4-тар, (2-т.ш.)

34. Кандидаттардың сайлау қорларына түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Округтік сайлау комиссиялары.

Сайлау қорытындысы жарияланғаннан кейін он күн ішінде – 2013 жылғы 12 қарашадан кешіктірмей.

(34-бап, 4-тар.)

35. Сайланған мәслихат депутатын тіркеу, оған тиісті куәлік беру.

Солтүстік Қазақстан облыстық, Петропавл қалалық, Ақжар және Тимирязев аудандық сайлау

комиссиялары.

(46-бап, 3-тар. 112-бап, 1-тар.)

Ескерту: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңының нормаларына сілтеме жасалады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp