«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰСТАР ТУРАЛЫ ЖҰМБАҚТАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Маралтай АХМЕТОВ.

Көк жүзiнде жылжып жай,
Керуен құрған тiзiлiп,
Iлгек-iлгек шынжырдай,
Қалмайды олар үзiлiп? (Тырна)

Ботаға ұқсас саны бар,
Шөл даланың құмайы.
Шәлкес мiнез жануар,
Ашу қысқан ұдайы. (Түйеқұс)



Бұдыр-бұдыр балшықты,
Жинады да талшықты.
Ұқсатып қамытқа,
Үй салды жабыққа. (Қарлығаш)

Қалқып тұрып аспанда,
Үн шығарып сан қилы,
Өнерiне басқанда,
Тұла бойың балқиды. (Бозторғай)

Шуға бөлеп жағаны,
Қанаттарын қағады.
Айдын судың түлегi,
Шабақ iлiп жүредi. (Шағала)

Қара жағал кiшкене,
Қанаты бар сүйрiктей.
Оған теңдес құс, кәне?
Тапшы осындай жүйрiктi? (Жағалтай)

Күндiз сөнген шырағы,
Түнде көрер қырағы.
Тiкiрейiп айдары,
Егiн жауын қырады. (Үкi)

Күн шықпай сап аттанды,
Қуырады апшыны.
Шырт ұйқыда жатқанды,
Оятады ащы үнi. (Қораз)

Қара түстi қарқылдақ,
Ұшып-қонып жалпылдап.
Қоқыстарды шоқиды,
Жем iздейдi там-тұмдап. (Қарға)

Сарғыш бояу жалатқан,
Тұмсығы бар қалақтан.
Қауырсыны бiр уыс,
Қара сирақ iрi құс. (Жалбағай)

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp