«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨЗАРА САУДАҒА ЫҚПАЛЫ ЗОР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Наталья ШАЯХМЕТОВА,

“Солтүстік Қазақстан облысы бойынша

монополияға қарсы инспекция” мемлекеттік

мекемесі басшысының орынбасары.

2011 жылдың соңында Ресей Федерациясы, Беларусь және Қазақстан Республикалары Президенттерінің шешімімен Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің бірыңғай, үнемі жұмыс істейтін реттеуші органы ретінде Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) құрылған болатын. ЕЭК-тің ұлттық басқару органының үстінен қарайтын мәртебесі бар. Ұйым үш мемлекет Үкіметтерінің бірде-біріне бағынышты емес, комиссия шешімі үш елдің аумағында атқарылуға міндетті.

ЕЭК-тің негізгі міндеті Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмыс істеуі мен дамуы жағдайларын қамтамасыз ету, сол сияқты ықпалдасуды одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу болып табылады.

Үш елдің ықпалдасуы азаматтар үшін ең күшті сезілетін азық-түлік нарықтарында да жүргізілуде. Айталық, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігіне (Монополияға қарсы агенттік) қазақстандық өндірушілер мен көтерме сауда жасаушылардан ресейлік бәсекелестері тарапынан баға демпингі туралы шағым түсті делік. Қазақстан мен Ресейдің шекаралас өңірлеріндегі азық-түлік тауарлары бағасындағы айырмашылық себептерін зерттеу мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының трансшекаралық нарықтарында мониторинг және сараптама жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құрды.

Жұмыс тобының құрамына Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері, сол сияқты Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі аумақтық құрамаларының өкілдері енді. Жұмыс тобы екі елдің шекаралас облыс орталықтарының азық-түлік базарларында мониторинг жүргізді. Атап айтқанда, үстіміздегі жылы 17 қаңтарда “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы инспекция” мемлекеттік мекемесінде Ресей және Қазақстан сауда маркаларымен шығарылатын әлеуметтік маңызы бар кейбір азық-түліктік тауарлар түрлері (сүт өнімдері, макарон өнімдері, құс еті, жарма) бойынша Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының трансшекаралық нарықтарына мониторинг және сараптама жүргізу жөніндегі жұмыс тобының кеңесі өтті. Кеңеске азық-түлік тауарларының өндірушілері, көтерме тауар жеткізушілер, сол сияқты мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Кеңесте ЕЭК өкілдері бірнеше шекаралас қалаларда жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша ресейлік өндірушілер тарапынан демпинг туралы сөз қозғаудың қажеттілігі жоқтығын хабарлады. Десе де, инспекция жүргізген бөлшек сауда бағаларының салыстырмалы сараптамасы көрсеткеніндей, ресейлік өндірістің кейбір тауарлары біздің облыста Ресей нарығындағы осыған ұқсас тауарларға қарағанда біршама жоғары бағамен өткізіледі. Мысалы, 1 литрлік тетрапакеттегі (2,5%) “Простоквашино” маркалы сүтті Ресейдің Омбы облысында біздің облыстағыға қарағанда 0,6 пайызға арзан алуға болады, ал құс еті (тауық) – 30,5 пайызға, “Гудвилл” сауда маркасындағы қарақұмық жармасы – 17,5 пайызға, “Увелка” маркалы күріш жармасы – 1,4 пайызға және оның “Митраль” сауда маркасындағы түрі – 9,7 пайызға арзан.

Жұмыс тобының көшпелі кеңесінің нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының трансшекаралық нарығында нарық субъектілерінің қызметін жақсарту жөнінде ұсыныстар жасайтын болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp