«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨТІНІШ ТАПСЫРУДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Банк сайтында (www.hcsbk.kz) 2013 жылдың 18 шілдесінен бастап “Халықтың барлық санаты үшін” бағыты бойынша баспананы сатып алушылар пулына өтініш бергендер туралы ақпаратты on-line режімінде көру мүмкіндігі туғызылды.

Гүл БАЯНДИНА,

“Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ

баспасөз хатшысы.

Баспана сатып алу/жалға алу пулына қатысу туралы өтініш банкте тіркелген сәттен бастап ол туралы ақпарды банк сайтында (www.hcsbk.kz) “Салынып жатқан тұрғын үйлерді сатып алу” бөлімінен көруге болады.  

Пул бойынша өтініштерді тіркеу уақыты мен деректі тексеру үшін жоғарыда көрсетілген мекенжайы бойынша сайтта қаланың атын, құрылыс объектісін, пулдың нөмірін таңдау қажет. Аталмыш бөлімде нақты пулдар бойынша бағдарламаларға қатысу туралы берілген өтініштердің сандық көлемі жөнінде ақпаратпен танысуға болады.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын пулға қатысу туралы ақпарат өтініштер қабылданып болған соң ғана банк сайтына енгізілетін. Жаңа тәртіп арқылы клиенттер бағдарлама бойынша қабылданып жатқан өтініштер барысында өзінің позицияларын бақылай алатын болады.

Жалпы, пулға қатысу үшін берілетін өтініштердің тәртібі келесідей:

банк тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қатысушылары үшін нақты құрылыс объектісі бойынша жергілікті атқарушы органдармен (ЖАО) келісімге қол қойған соң, бұқаралық ақпарат құралдары мен банк сайтында тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға өтініштердің қабылдана бастағаны туралы хабарландыру береді.

Өтініштер 2 ай бойы қабылданады. Балдық жүйе бойынша берілген өтініштерде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысудың уақыты мен сапасы есепке алынады, максималды балдың санына қарай қатысушылардың қатары салынып жатқан пәтерлердің санына қарай іріктеледі.

Мысалы, егер 200 пәтерлі үй салынып жатса, ал түскен өтініштер саны 250 болса, онда тізімге максималды балл көрсеткішіне қол жеткізген 200 өтініш беруші ғана енгізіледі. Ал қалған 50 адам “резервтік” қатарда қалады. Максималды балл жинақтаған 200 өтініш беруші тиісті құжаттарды тапсырып, пәтер сатып алу үшін төлем қабілеттілігін растайды. Егер олардың біреуі төлем қабілеттілігін дәлелдей алмайтын болса, онда тізім “резервтік” қатарда тұрғандармен толықтырылады.

Одан кейін баспананы бөлу жұмысы басталып, төлем қабілеттілігін растағандардың тізімі жасалады, алайда пәтерлерді таңдап алудың басымдылығы максималды балға қол жеткізгендерге беріледі. Өтініш беруші белгіленген күні тізім бойынша салынып жатқан үйде өзіне лайықты пәтерін, қабатын, бөлмелер жобасын таңдап алатын болады. Бұл деректер бағдарламаға қатысу туралы қосымша келісімшартқа енгізіліп, оған банк пен клиент қол қояды. Осы мезеттен бастап өтініш берушіге ЖАО тапсырысы бойынша салынып жатқан құрылыс үйдің нақты пәтерін сатып алушы ретінде бағдарламаға қатысушының мәртебесі беріледі.

Енді клиент үй құрылысының аяқталуын күтіп, тұрғын үй құрылыс жинақтарын толтырып отыруы тиіс. Үй құрылысы салынып, пайдалануға берілгеннен кейін ғана баспана сатып алынады.

Кімнің баспанасы болмаса немесе тұрғын үй жағдайын жақсарту қажет болса, аралық және алдын ала заемдары бойынша жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемелер қарастырылған (теңгемен жылдық 8%, алдын ала тұрғын үй заемдарына жылдық тиімді мөлшерлемесі 8,3%-дан бастап, теңгемен жылдық 6,5%-дан – 7,6%, аралық тұрғын үй заемының жылдық тиімді мөлшерлемесі 7,2%).

“Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасы аясында аралық және алдын ала тұрғын үй заемдарын жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемемен алу үшін бағдарламаға қатысушы келесі талаптарға сай болу керек:

1) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің бағдарламаға қатысуға өтініш берілетін елді мекенде меншік құқығында баспанасының болмауы немесе сондай-ақ оның отбасы мүшелерінің меншігіндегі пайдалы ауданның көлемі бір отбасы мүшесіне 15 шаршы метрден кем болғанда өтініш берушінің тұрғын үй жағдайларын жақсарту қажет;

2) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің өтініш берілетін елді мекенде соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлату деректерінің болмауы;

3) өтініш тапсырылған елді мeкенде тіркелу керек (2 жыл);

4) Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе оралман мәртебесі болуы шарт.

Тұрғын үй заемын алу уақыты әлі келмегенде және алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын ала алмайтын өтініш берушілер болса, олар пәтерді ұзақмерзімдік жалға алу арқылы оны жекеменшікке сатып алуға құқылы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp