«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КІШКЕНЕКӨЛДЕГІ ҚАРБАЛАС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда Уәлиханов ауданында төтенше жағдайлар кезінде басқару органдарының, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi комиссиялардың, апаттық-құтқару қызметтерiнiң күштері мен азаматтық қорғаныс құралдарының қатысуымен командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті.

Юрий ГАЛЫГИН,

СҚО ТЖД-нің бөлім бастығы.

Оқу-жаттығуға 38 арнайы техника жұмылдырылып, облыстық ТЖД-нің 82 құтқарушысы, аудан әкiмінің аппараты, азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтері, аудандық апаттық-құтқару қызметі мен азаматтық қорғаныс құрамалары апаттық-құтқару қызметiнiң күштері тартылды. Сондай-ақ тәжірибе алмасу мақсатында Аққайың, Тайынша, Ақжар және М.Жұмабаев аудандарының ТЖ бөлімдерінің жеке құрамы қатысты.

Командалық-штабтық жаттығу кезінде белгіленген сценарий бойынша бір-екі күн тоқтамастан жауған жаңбырдың салдарынан Кішкенекөл ауылының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан жеке үй секторы мен әкімшілік ғимараттары су астында қалды. Апаттық-құтқару қызметтері аудан орталығынан 20 шақырым қашықтық жерде орын тепкен лагерьге зардап шеккендерді көшіру және орналастыру, орын алған апаттың салдарын жою бойынша 11 практикалық іс-шара өткізді. Сөйтіп, бұл ауданның тұрғындары “құтқарылды”. Жапа шегушілерге уақтылы көмек көрсетілді.

Уәлиханов ауданында алғашқы рет өткізілген шара нәтижесін қорытындылаған облыстық ТЖД басшылығы құтқарушылардың дайындық деңгейі мен нақты апаттық жағдайдағы іс-қимылдарына оң баға берді.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp