«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сықақтар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әскер НҰРМҰҚАНОВ,
зейнеткер.

ҰЙҚЫЛЫ – ОЯУ…

Көзі – ашық, көкірегі – ояу,
Бар кәсібі – кірпігін бояу.
Түнгі клубтан қалжырап,
Оралады үйіне ұйқылы-ояу.

БАР АРМАНЫ – АРЫҚТАУ

Арқа сүйер ері бар,
Қолында оның мөрі бар.
Бар арманы – арықтау,
Басқа қандай шері бар?!

ШІРІГЕН ЖҰМЫРТҚА ДА ЖОҚ

Бұлардың тоқал алар айласы көп,
Бірақ қазақ санын өсіру ойында жоқ,
Ендеше қораздар ғой пайдасы жоқ.
Шіріген жұмыртқа да шығармайтын,
Осыларды болдық қой ұға алмайтын.

СОРЛЫНЫҢ ЖАРЫ

Еш жерде пайдасы жоқ, үйде салақ,
Жатқан бір алып дене, арамтамақ.
Жұбайының еңбегін ішіп-жейді,
Тамағың шақ келмейді табақ-табақ.
Міне, осындай жар кездесер жарлыға,
Қой аузынан шөп алмайтын сорлыға.

КЕЙ ҚЫЗДЫҢ МҰҢЫ

Үкіметтің бағдарламасы жақсы ғой,
Бірақ ауыл жігіттерге тапшы ғой.
Дипломмен бара қалсам ауылға,
Кез болар екем қай “жауырға”?..
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp