«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘДЕПТІЛІК – ӘДЕМІЛІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сейіт КЕНЖЕАХМЕТҰЛЫ.

Туыс-туғандарыңмен, нағашы-жиендеріңмен және басқа ілік, құда-жекжаттармен жиі қатынасып, араласып-құраласып жүр. Оларды өзіңе жақын тұт.

Туған жеріңді ұмытпа. Ол жерге жиі барып тұр. Бір уыс топырағын үйіңде қастерлеп сақта.

Жолдағы қорымдарға дұға оқып, бет сипауды есіңнен шығарма.

Әр істе әділ бол. Әділ болсаң, әлді боласың.

Қаруың – білімің мен тілің, сүйенішің, тірегің – ақылың болсын.

Атақты адам болғың келсе, сондай адамдар туралы оқы да тоқы.

Бақытты болғың келсе, ізгі істерге бойыңды үйрет, жаман әдеттен аулақ бол.

(Жалғасы бар).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp