«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚТАУДАҒЫ “ШЫН ЖҮРЕКТЕН” АКЦИЯСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақтауда Конституция күніне орайластырылған “Шын жүректен” акциясы басталды. Оның шеңберінде қайырымдылық шаралары өткізіледі.  

“Біз халықтың назарын тұрмысы аз қамтылған тұрғындарға бұрғымыз келеді. Біздің өңір мұнайлы, орташа жалақы мөлшері ел бойынша ең жоғары. Дей тұрғанмен, 20-30 мың теңге жәрдемақыға күн көріп отырған отбасылар да бар, соларға көмек көрсету керек. Сол себепті біз тұрмысы нашар отбасыларға азық-түлік жеткізіп, балаларын мектепке дайындауда жәрдемдесуді ұйғардық”, – деді “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Нұротандықтар бастамасын құптаған “Атаба” дүкендер желісі, “Лидер”, “KazFrut”, “КИСОМС СЕРВИС” басшылығы, “Олжа”, “Abdi” дүкендері, спортшылар, құрылысшылар, кәсіпкерлер мен басқа да қауымдастықтар 150 отбасыға көмек көрсетті. Көмекке мұқтаж адамдардың жартысынан астамы азық-түліктің 12 түрінен құралған қоржындар алып, қалғандары мектепке баруға қажетті сөмкелер, канцелярия өнімдері, альбомдар, дәптерлерге ие болды.

(“ҚазАқпарат” агенттігінің хабарлары бойынша әзірленді).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp