«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АНАСЫНЫҢ ӨНЕГЕСІМЕН ДӘРІГЕР АТАНҒАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүл НҰРАЛИНА,

журналист.

“Адам денсаулығы бәрінен қымбат” деген ұғымды өздеріне серік еткен дәрігерлер қатарында Тайынша аудандық ауруханасының дәрігерлері Төлен мен Арайлым Сүйіндіковалар да бар. Олар өздерінің еңбек ұжымдарының жылдар бойғы адал еңбегінің куәгерлері десек, артық емес.

Ауданымыздың Қарағаш ауылының тумасы Төлен Сүйіндікова сонау 1979 жылы Целиноград мемлекеттік медициналық институтын аяқтап, өз туған жеріне оралады. Содан бері бір жерде 34 жыл еңбек етіп, қаншама адам жанының арашашысы болды. Отбасында адал жар, аяулы ана ұл-қыз өсірді. Бүгінгі таңда ұлы Абай – аға тергеуші, капитан шеніндегі ішкі істер қызметкері болса, қызы Арайлым ана жолын қуып, дәрігер атанды.

Дәрігерлікті “Сүйікті мамандығым” деп өмірлік серік еткен Төлен Көшкенқызын аудан жұртшылығы жақсы біледі. Еңбегіне, дәрігерлік ақыл-кеңесі мен еміне талай алғыс айтылған. Үлкен марапаттарға ие болмаса да, дәрігер: “Көпшіліктің алғысы – мен үшін үлкен мәртебе”, – дейді.

Ал қызы Арайлым – жас маман, келешегі әлі алда. “Жас келсе – іске” дегендей, өз ісіне бірден араласып кетті. Ол өзіне сенім артып, жағдай жасап отырған ұжым басшысы Анатолий Рафальскийге және әріптестеріне қамқорлықтары үшін риза. Бәлкім, Арайлымның қызы Томирис те ана жолын қуып, дәрігер болар? Ол алдағы уақыттың еншісінде.

Ақ халатты адал да абзал жандар атанған Сүйіндіковалар әулетінің осынау еңбек жолы – кейінгі ұрпаққа үлгі.

 

Тайынша қаласы.

Суретті түсірген Сәкен ЖҮСІПОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp