«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ВЕЛОКЛУБЫ Александр Винокуровтың ізбасарларын даярлайды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әсел ЕСБОЛАТОВА,

“Солтүстік Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы инспекция” ММ-нің бас маманы.

Тамыз айының үшінші жексенбісінде елімізде Спорт күні аталып өтілді. Аталмыш мейрамның қарсаңында “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы инспекция” мемлекеттік мекемесі “Олимпиада чемпионы Александр Винокуров атындағы “Kүzүlzhar Vino 4-ever” құрылықтық велоклубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын ашуға рұқсат берді.

Аталмыш велоклуб облысымыздың үздік спортшыларын даярлап, қол жеткізген жетістіктерін одан сайын арттырып, дарынды солтүстікқазақстандық велоспортшыларды өңірде қалдыруға, халықаралық деңгейдегі веложобаларды ұйымдастыруға, вело-туризмді дамытуға септігін тигізбек. Сондай-ақ Олимпиаданың жеңімпазы да кең қолдау көрсетпек.

Велоклуб Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша велоспортты дамыту жоспары аясында қолға алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp